Жоғары оқу орындарының қызметін ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2001 ж. 11
наурыздағы № 151 бұйрығы
(ҚР Білім және ғылым министрінің 21.03.02 ж. № 200;
13.02.03 ж. № 82; 12.11.04 ж. № 906; 2005.11.04. № 229 бұйрықтарымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2006.14.01. № 15 бұйрығымен күші жойылды
1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 30 бабына сәйкес және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметін реттеу мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орындарының қызметін ұйымдастыру ережелері бекітілсін.
2. Жоғары және орта кәсіптік білім департаменті (Ә. Әбжаппаров) осы бұйрықты, белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министрі Ә. Ахметовке жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігінiң 2001 жылғы
11 наурыздағы № 151 бұйрығымен
бекітілген
Жоғары оқу орындарының қызметiн ұйымдастыру
ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Кiрiспе
1999 жылдың 7 маусымындағы Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы жаңа ұлттық білім жүйесiнiң моделiн қалыптастырудың негiзi болып табылады, оның келешектегi даму стратегиясын және осы саладағы мемлекеттік саясат принциптерiн айқындайды.