Введите номер документа
Прайс-лист

Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымының жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 117 қаулысы (ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 13.11.002 ж. № 452; 29.05.03 ж. № 175 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Информация о документе
Датапятница, 20 апреля 2001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 20 апреля 2001

Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымының жарғылық және меншiктi
капиталдарының ең аз мөлшерiн бекіту туралы Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 117 қаулысы
(ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 13.11.002 ж. № 452; 29.05.03 ж. № 175
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)


"Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қайта құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн 2001 жылғы 1 шiлдеден бастап жарғылық капиталдың мынадай ең аз мөлшерi белгiленсiн:

"жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензия алған кезде - 130 (жүз отыз) миллион теңге;

"өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша лицензия алған кезде - 150 (жүз елу) миллион теңге;

"жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензия және қайта сақтандыру лицензиясын алған кезде - 150 (жүз елу) миллион теңге;

"өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша лицензия және қайта сақтандыру лицензиясын алған кезде - 170 (жүз жетпiс) миллион теңге;

қайта сақтандыруды қызметтiң ерекше түрi ретiнде жүзеге асыра отырып қайта сақтандыру лицензиясын алған кезде - 230 (екi жүз отыз) миллион теңге.

2. 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап осы қаулының 1-тармағында белгiленген жаңадан құрылатын сақтандыру ұйымының жарғылық капиталының ең аз мөлшерi сақтандыру сыныптарына сәйкес, сақтандыру ұйымы өзiнiң сақтандыру қызметiн жүзеге асыруды жоспарлау шеңберiнде осы қаулының 6-тармағында көрсетiлген көлемдегi сомаға арттырылуға тиiс.

3. Жұмыс iстеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн 2001 жылғы 1 шiлдеден бастап жарғылық капиталдың мынадай ең аз мөлшерi белгiленсiн:

"жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы болса - 100 (жүз) миллион теңге;

"өмірдi сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы болса - 130 (жүз отыз) миллион теңге;

"жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы және қайта сақтандыру лицензиясы болса - 120 (жүз жиырма) миллион теңге;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом