Қазақстан Республикасы
Экономика және сауда
министрлігінің Стандарттау,
метрология және сертификаттау
жөніндегі комитетінің
төрағасының 2001 ж.
2 мамырдағы № 128 бұйрығымен
Бекітілді
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010.12.07. № 153 Бұйрығымен күші жойылды
ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005.24.08. № 232 Бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сапа саласындағы
жетістіктері үшін" сыйлығын алу материалдарын рәсімдеу,
ұсыну және сараптау ережелері
(2005.24.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005.24.08. № 232 Бұйрығымен ереженің мәтіні өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Кiрiспе
1. Осы құжат Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін сыйлығын" алуға (бұдан әрi - Сыйлық) материалдарды тапсыру, ресiмдеу, ұсыну және сараптау тәртібін белгiлейдi.
2. Сыйлық Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Сапа саласындағы конкурс туралы" 2001 жылғы 26 наурыздағы № 384 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін сыйлығын" беру Ережесiмен" сәйкес берiледi. Конкурстың жеңiмпазына Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін сыйлығы" символы және диплом тапсырылады.
3. Осы Ережеде қолданылатын терминдер:
1) Сыйлық - конкурс иегерлерiне сыйлыққа берiлетiн Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін сыйлығы"
ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005.24.08. № 232 Бұйрығымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) конкурсқа қатысатындар - сыйлығын алуға конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген және белгiленген нысанда өтiнiм берген кез келген меншiктi нысандағы заңды және жеке тұлғалар бола алады;