Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 ж. 20 сәуірдегі № 115 қаулысы (ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.01.02 ж. № 24;25.07.02 ж. № 256 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 20 апреля 2001
Статус
Утратил силу
утратил силу с 27 декабря 2005

Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесін бекіту
туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 ж. 20 сәуірдегі № 115 қаулысы
(ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 18.01.02 ж. № 24 ;25.07.02 ж. № 256
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005.29.10. № 134 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу тәртібін жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесi бекітілсiн және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.

2. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Мәженова Б.М.):

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесін Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.

3. Осы қаулы күшiне енген күннен бастап:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесін бекіту туралы" 1997 жылғы 23 мамырдағы № 206 қаулысының;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесін бекіту туралы" 1997 жылғы 23 мамырдағы № 206 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесінiң күшi жойылды деп танылсын.

4. Халықаралық қатынас және жұртшылықпен байланыс басқармасы (Мартюшев Ю.А.) осы қаулыны және Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом