Темір жол көлiгiнде тасымалдаушылық және басқа да қызметтi жүзеге
асыратын заңды және жеке тұлғаларға тексерулер жүргiзу ережесін бекіту
туралы Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі
Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2001 ж. 29 мамырдағы № 42-п бұйрығы
(2005.09.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көлікті бақылау комитеті төрағасының 2006.19.04. № 28-ө бұйрығымен күші жойылды
Шаруашылық субъектiлерi темір жол қызметiнде жүзеге асыратын қызметiне мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың бiрыңғай саясатын қамтамасыз ету мақсатында және "Қазақстан Республикасының, Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегi № 1334 қаулысын орындау мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған темір жол көлiгiнде тасымалдаушылық және басқа да қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға тексерулер жүргiзу ережелерi бекітілсiн.
2. Темір жол көлiгіндегі бақылау басқармасы (Қ.С. Мұстафин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көлiктiк бақылау комитетi төрағасының орынбасары Қ.Б. Есжановқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар министрi
Көлiктiк бақылау комитетi төрағасының
2001 жылғы 29 мамырдағы
№ 42-П бұйрығымен бекітілген
Темір жол көлiгiнде тасымалдаушылық және басқа
да қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға
тексерулер жүргiзу ережелерi
1 тарау. Жалпы ережелер