Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 29
тамыздағы № 311 қаулысымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктердiң есеп
айырысу-кассалық бөлiмдерiнiң (жинақ кассаларының) құрылу, жұмыс iстеу
және жабылу тәртібі туралы ережесiне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту
туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 6
тамыздағы № 299 қаулысы
ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 12.07.04 ж. № 197 қаулысымен күші жойылды
Екiншi деңгейдегi банктердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 29 тамыздағы № 311 қаулысымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктердiң есеп айырысу-кассалық бөлiмдерiнiң (жинақ кассаларының) құрылу, жұмыс iстеу және жабылу тәртібі туралы ережесiне (бұдан әрi - Ереже) өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн, Ережеге өзгерістер мен толықтырулар және осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
2. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А А.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап жетi күндiк мерзiмде осы қаулыны және Ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.
Ұлттық Банк Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 6 тамыздағы
№ 299 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН