Сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауды атқару
Нұсқаулығын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 151 бұйрығы
(2007.27.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Әділет министрінің м.а. 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 170 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару Заңнамасының талаптарына сай қылмыстық-атқару инспекцияларының қызметін ұйымдастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауды атқаруды қоса беріліп отырған Нұсқаулығы бекітілсін.
2. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің Төрағасына жүктелсін.
3. Осы Бұйрық 2002 жыл 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
| Министр | И. Рогов |
| | |
| «Келісілген» Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры 19 желтоқсан 2001 | Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 151 бұйрығымен бекітілген |
Сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен
байланысты емес жазалауды атқару туралы
Нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Қылмыстық, Қылмыстық-атқару кодекстерiне және сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауды атқарудың тәртібі мен шарттары мәселелерi жөніндегі басқа құқық кесiмдерiне сәйкес әзiрленген.
2. Сотталған адамды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық жазаларды атқару соттың заңды күшiне енген үкіміне, қаулысына, ұйғарымына сәйкес жүргiзiледi.
3. Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталған адамдар (бұдан әрі - сотталғандар) Қылмыстық, Қылмыстық-атқару заңдылықтары белгiленген шектеулерiмен Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын иеленедi және мiндеттерiн атқарады.