Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң түзеу мекемелерiнде
жазасын өтеп жатқан сотталғандармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет
министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 147 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 21.10.04 ж. № 305 қаулысымен күші жойылды
Қылмыстық-атқару заңдарын iске асыру және Қазақстан Республикасының түзеу мекемелерiнде жазасын өтеп жатқан сотталғандармен тәрбие жұмыстарын одан әрi жетiлдiру мақсатында
бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсiн.
2. Осы Бұйрық 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.
3. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң Төрағасына жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының
Әдiлет Министрінің
2001 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 147 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрінің
Қылмыстық атқару жүйесіндегі түзеу мекемелерiнде
жазасын өтеп жатқан сотталғандардың тәрбие
жұмысын ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулық
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрінің қылмыстық атқару жүйесіндегі түзеу мекемелерiнде (бұдан әрі - ТМ) жазасын өтеп жатқан сотталғандардың тәрбие жұмысын реттейдi.
2. Тәрбие жұмысы сотталғандармен ТМ, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Қаулысымен, Өкімімен, Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлігінiң нормативтiк құқықтық актілерімен және Қазақстан Республикасының Әдiлет Министрінің Қылмыстық атқару жүйесi Комитетiнiң нормативтiк құқықтық актілеріне байланысты жүргiзiледi.