Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің
орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында
міндеттерді бөлу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2002 ж. 13 маусымдағы № 77-ө өкімі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 ж. 2 қыркүйектегі № 132-ө өкіміне сәйкес осы өкімнің күші жойылды
Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | | | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2002 жылғы 13 маусымдағы
№ 77 өкімiмен бекітілген
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi,
Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрi
Кеңсесiнiң Басшысы арасында
МIНДЕТТЕРДI БӨЛУ
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
И.Н.Тасмағамбетов
Үкiметтiң қызметiне басшылық жасау.
Қазақстан Республикасының Президентiмен, сондай-ақ Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және басқа да конституциялық органдармен қатынастарда Үкiметтiң атынан өкiлдiк ету.
Мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық мәселелерi.
Үкiметтiң заң шығару қызметiн үйлестiру.
Мемлекеттік басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдіру мәселелерi жөніндегі мемлекеттік комиссияға, Республикалық бюджет комиссиясына басшылық жасау.
Қорғаныс, шетелдiк инвестицияларды тарту, экспорттық бақылау, мәдениеттi дамыту, ұлтаралық қатынастар, мемлекеттік материалдық резервтер, төтенше жағдайлар мәселелерi.
Үкiметтiң кадр мәселелерi.
Сыртқы iстер министрлігінiң, Қорғаныс министрлігінiң, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң, Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттiктiң, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiктiң қызметiн жалпы бақылау.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
К.Қ.Мәсiмов
Экономиканы жедел басқару, аймақтық саясат, жұмылдыру жұмысының мәселелерi.
Мемлекеттік органдардың өндiрiстiк сала мен инфрақұрылымды (өнеркәсiптi, құрылысты, шағын және орта кәсiпкерлiкті, көлiк пен коммуникацияларды, энергетика секторы мен кен-металлургия кешенiн) дамыту мәселелерi жөніндегі қызметiн үйлестiру.
Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi.
Геология, жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын сақтау мәселелерi.
"Байқоңыр" ғарыш айлағының мәселелерi.
ТМД елдерiмен және олардың ықпалдастық бiрлестiктерiмен өзара қатынастарды үйлестiру.
Астана қаласы жаңа орталығының құрылысын салу жөніндегі мемлекеттік комиссияға басшылық жасау.
Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң, Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң, Экономика және сауда министрлігінiң (өнеркәсiптi дамыту мәселелерi бойынша), Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөніндегі агенттiктiң (шағын бизнес мәселелерi бойынша) қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Б.Ә.Мұхаметжанов
Құқық қорғау органдарының қызметiн үйлестiру.
Мемлекеттік басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердi ажырату мәселелерi.
Мемлекеттік органдардың әлеуметтiк саланы дамыту, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, спорт пен туризм мәселелерi жөніндегі қызметiн үйлестiру.
Көшi-қон және демографиялық саясат, әлеуметтiк әрiптестiк мәселелерi.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөніндегі ұлттық комиссияның мәселелерi.
Қазақстан Республикасында Денсаулық жылын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияға, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңеске басшылық жасау.
Iшкi iстер министрлігінiң, Әдiлет министрлігінiң, Бiлiм және ғылым министрлігінiң, Денсаулық сақтау министрлігінiң, Қаржы полициясы агенттiгiнiң, Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiктiң, Туризм және спорт жөніндегі агенттiктiң қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi
А.С.Есiмов
Мемлекеттік органдардың ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік агроазық-түлiк бағдарламасын iске асыру мәселелерi жөніндегі қызметiн үйлестіру.
Экология, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, жер және су қатынастарының мәселелерi.
Ауылдық аумақтарды дамыту, iшкi көшi-қон мәселелерi.
Ауыл шаруашылығы министрлігінiң қызметiне басшылық жасау.
Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң, Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiктiң қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының Қаржы министрi
А.С.Павлов
Экономикалық даму, қаржы, салық және тариф саясаты, бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi.
Үкiметтiң Ұлттық Банкпен, халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдармен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.
Экономикалық саясат жөніндегі кеңестiң жұмысына басшылық жасау.
Қазақстанның Даму Банкінің қызметiн үйлестiру.
Қаржы министрлігінiң қызметiне басшылық жасау.
Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң, Экономика және сауда министрлігінiң, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң, Статистика жөніндегі агенттiктiң, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөніндегі агенттiктiң (тариф саясаты бөлiгiнде) қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы
А.А.Тiлеубердин
Үкiметтiң шешiмдерiн дайындау және олардың орындалуын ұйымдастыру, мемлекеттік және орындаушылық тәртiптi қамтамасыз ету бөлiгiнде орталық және жергілiктi атқарушы органдардың, ведомстволардың қызметiн үйлестiру. Үкiметтiң кадр саясатын iске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
Үкiметтiң аймақтық саясатын iске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, Yкiметтiң облыстар әкiмдерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.
Премьер-Министр Кеңсесiнiң Президент Әкiмшiлiгiмен және Парламент палаталарының аппараттарымен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.
Мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелерi.
Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттiктiң қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.