Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі эмиссиялайтын мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру, сыйақы төлеу және өтеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 13 мамырдағы № 171 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 13 мая 2002
Статус
Утратил силу
утратил силу с 22 июня 2011

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі эмиссиялайтын мемлекеттік
бағалы қағаздарды орналастыру, сыйақы төлеу және өтеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 13 мамырдағы № 171 қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 37 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі эмиссиялайтын мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі эмиссиялайтын мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру, сыйақы төлеу және өтеу ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

3. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі эмиссиялайтын мемлекеттік бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру ережесін бекіту туралы» 1997 жылғы 14 қарашадағы № 396 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. Монетарлық операциялар департаменті (Әлжанов Б.А.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне жіберсін;

3) Халықаралық қатынас және жұртшылықпен байланыс басқармасымен (Мартюшев Ю.А.) бірлесіп осы қаулыны «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Республики Казахстан» ресми басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау арқылы бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларына жіберсін.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом