Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі № 843 Қаулысы (2016.07.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 29 июля 2002
Статус
Утратил силу
утратил силу с 23 апреля 2022

Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі № 843 Қаулысы

(2016.07.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 199 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2012.28.08. № 1098 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 2012.28.08. № 1098 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда  (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 20.03.04 ж. № 364; 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді

2. ҚР Үкіметінің 2012.28.08. № 1098 Қаулысымен алып тасталды  (бұр.ред.қара)

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

И. Тасмағамбетов

 

ҚР Үкіметінің 2012.28.08. № 1098 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.07.09. № 523 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда  

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2002 жылғы 29 шілдедегі

№ 843 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа
басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігінің жай-күйін дұрыс әрі уақтылы талдау мақсатында Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган - бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган);

2) шетелдік мерзімді баспа басылымы - Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде басылатын және тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар, кемінде үш айда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы;

3) таратушы - шетелдік мерзімді баспа басылымдарын меншік иесімен, шығарушысымен шарт бойынша немесе өзге де заңды негіздерде Қазақстан Республикасының аумағында таратуды жүзеге асыратын жеке немесе тұлға (филиал немесе өкілдік).

3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының аумағы) таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды уәкілетті орган жүзеге асырады.

4. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алудың бірыңғай тізілімін жүргізеді.

 

 

2. Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді
баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру тәртібі

 

5. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алу үшін таратушы уәкілетті органға таратушының атауын, шетелдік мерзімді баспа басылымдарының атауларын, таратылу аумағын, оның таратылатын тілін, негізгі тақырыптық бағыттығын, мерзімділігін, таратылатын даналарының болжамды санын көрсете отырып өтініш береді.

6. Өтініш уәкілетті органда тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.

7. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болған жағдайда уәкілетті орган есепке қою журналына есепке қою күнін, құжаттың нөмірін, таратушының атауын енгізу арқылы Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке қояды.

8. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша таратушыға Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын қою немесе «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 19-1-бабының 2-тармағында көзделгендей бас тарту туралы құжат беріледі.

9. Құжатты жоғалтып немесе бүлдіріп алған жағдайда таратушыға еркін нысандағы жазбаша өтініші бойынша оң жақтағы жоғарғы бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар жаңа нөмір берілген құжаттың телнұсқасы беріледі. Өтініш уәкілетті органда тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом