Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөніндегі нормативтiк
құқықтық актiлердi iске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан
Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
2002 жылғы 1 тамыздағы № 174-ө бұйрығы
(ҚР Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
08.10.04 ж. № 228-ө бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2005.05.08. № 210-ө Бұйрығымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мүгедектердi әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 наурыздағы Заңының 1-бабын және "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 21 желтоқсандағы № 1668 қаулысын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Мүгедектiктi куәландырудың, оның себептерiн, топтарын және еңбекке қабiлетiн жоғалту дәрежесiн анықтаудың ережесi бекітілсiн.
2. Әлеуметтiк қамсыздандыру және бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру департаментi директорының мiндетiн атқарушы (Баймұханов М.Х.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы департаменттерiне жеткiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Х.М.Өтеулинаға жүктелсiн.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күннен бастап күшiне енедi және 2002 жылғы 28 маусымнан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Министрдiң мiндетiн атқарушы
Келісілген:
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
мiндетiн атқарушы
2002 ж. 2 тамыз
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау Министрi мiндетiн атқарушының
2002 жылғы 1 тамыздағы № 174-ө бұйрығымен
бекітілген
Мүгедектiктi куәландырудың, оның себептерiн, топтарын