Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің жекелеген мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 20 қыркүйектегі № 1036 қаулысы (2016.28.12. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапятница, 20 сентября 2002
Статус
Действующийвведен в действие с 20 сентября 2002
Дата последнего изменениячетверг, 12 января 2017

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің жекелеген мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 20 қыркүйектегі № 1036 қаулысы

(2016.28.12. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Президентінiң «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетілдiру жөніндегі шаралар туралы» 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттiгiнің «Ақпаратты техникалық қорғаудың орталығы» мемлекеттік мекемесi, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігінің «Алмас» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрі - Мекемелер мен Кәсіпорын) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң қарамағына берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi:

1) Мекемелерге қатысты уәкiлетті мемлекеттік орган;

2) Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi заңнамада белгiленген тәртіппен:

1) Мекемелер мен Кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерiне енгiзiлетін өзгерістер бекітілсiн.

5. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметi» республикалық мемлекеттік мекемесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 5 қазандағы № 1522 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2002 жылғы 20 қыркүйектегі

№ 1036 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 2-тармақтың күші жойылды

2. «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына:

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде:

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі» деген 3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі».

3.

ҚР Үкіметінің 2016.28.12. № 887 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

4. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегi агенттігінің «Ақпараттарды техникалық қорғау орталығы» мемлекеттік мекемесiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2000 жылғы 12 сәуірдегі № 557 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 19, 207-құжат):

тақырыбындағы және 1-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;

2 және 3-тармақтар алынып тасталсын.

5. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қoрғаy жөніндегі агенттігінің «Алмас» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметiнің 2001 жылғы 22 маусымдағы № 851 қаулысына:

тақырыбындағы және 1-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігінiң» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақта:

«, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік меншiк құқығының субъектiсi функцияларын жүзеге асыратын орган» деген сөздер алынып тасталсын;

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi» деген сөздермен ауыстырылсын;

4 және 5-тармақтар алынып тасталсын.

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом