Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитетінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қыркүйектегі № 1057 қаулысы (ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 607 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Информация о документе
Датачетверг, 26 сентября 2002
Статус
Действующийвведен в действие с 26 сентября 2002
Дата последнего изменениячетверг, 26 сентября 2002

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер
комитетінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 26 қыркүйектегі № 1057 қаулысы

(ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 607 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлері қолбасшысының бас басқармасы оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер комитеті (бүдан әрі - Комитет) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 607 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

3. Қоса беріліп отырған:

1) ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 607 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (1-тармақ құпия) бекітілсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов

ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 607 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2002 жылғы 26 қыркүйектегі

№ 1057 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтырулар

1. Құпия.

2. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының шекті штат санын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 8 қазандағы № 1018-74 қаулысына:

Орталық органдардың аппараты бөліміндегі республикалық бюджеттің есебінен ұсталатын ішкі істер органдарының санында:

Ішкі әскерлердің бас басқармасының аппараты деген сөздер Ішкі әскерлер комитетінің аппараты деген сөздермен ауыстырылсын.

3. ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 607 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 202 қаулысына:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттарында:

Ішкі әскерлер қолбасшысының бас басқармасы, Ішкі әскерлер қолбасшысының бас басқармасының, Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Ішкі әскерлер қолбасшысының бас басқармасы деген сөздер Ішкі әскерлер комитеті, Ішкі әскерлер комитетінің, Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер комитеті деген сөздермен ауыстырылсын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом