"Емдiк препараттарды дайындау мен сатуға байланысты қызметтердi
лицензиялау Ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2000 жылғы 28 қазандағы № 1624 қаулысын іске асыру туралы Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi төрағасының 2000
жылғы 30 қарашадағы № 761 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2002 ж. 16 қыркүйектегі № 858 бұйрығы
"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 қазандағы № 1624 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 маусымдағы № 621 қаулысын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Емдiк препараттарды дайындау мен сатуға байланысты қызметтердi лицензиялау Ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 қазандағы № 1624 қаулысын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгiнiң 2000 жылғы 30 қарашадағы № 761 бұйрығына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) Дәрiханалық ұйымдары жоқ елдi мекендерде орналасқан фельдшерлiк-акушерлiк пункттер арқылы дәрiлiк заттарды сату Ережесi (10-қосымша)";
Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 10-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнiң
2002 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 858 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау iсi жөніндегі
агенттiгi төрағасының
бұйрығына 10-қосымша
Дәрiлiк заттарды дәрiханалық ұйымдары жоқ елдi
мекендерде орналасқан фельдшерлiк-акушерлiк пункттер
арқылы сату
Ережесi