Кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсу
кезiнде адамдардың жекелеген санаттары үшiн қабылдау квотасын белгiлеу
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 11 қарашадағы № 1188 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 03.12.04 ж. № 1276 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 296 Қаулысымен күші жойылды
"Білiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 03.12.04 ж. № 1276 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды
1. Кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары білім беретiн білiм ұйымдарына оқуға түсу кезiнде бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан мынадай қабылдау квотасы белгiленсiн:
1) ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшiн ауылдың (селоның) әлеуметтiк-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға - 30 пайыз;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға - 2 пайыз.
3) І, ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар үшін - 0,5 пайыз;
4) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - 1 пайыз.
2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |