Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1276 қаулысы (күші жойылды)
Найдено 0 совпадений
Сообщить об ошибке
Подтвердите, что вы не робот
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1276 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 296 Қаулысымен күші жойылды
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Кәсіптік орта және жоғарғы білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде адамдардың жекелеген санаттары үшін қабылдау квотасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 39, 404-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
"3) І, ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар үшін - 0,5 пайыз;
4) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - 1 пайыз.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Д. Ахметов
Документ утратил силу
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами