2003 жылы Ресейдегі Қазақстан жылын өткізу жөніндегі іс-шараларды
дайындау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
2002 ж. 29 қазандағы № 353 Өкімі
(ҚР Президентінің 08.04.03 ж. № 373; 06.08.03 ж. № 402
өкімдерімен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Президентінің 2006.09.01. № 1696 Жарлығымен күші жойылды
1. 2003 жылы Ресейдегі Қазақстан жылын өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы ұйымдастыру комитетінің қоса беріліп отырған құрамы (бұдан әрі - ұйымдастыру комитеті) бекітілсін.
2. Ұйымдастыру комитеті Ресейдегі Қазақстан жылында көзделген іс-шараларды тиімді өткізу мақсатында Ресей Федерациясының тиісті ұйымдастыру комитетімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұйымдастыру комитетінің жұмысына қажетті жәрдем жасап, аталған іс-шараларды уақытылы қаржыландыруды жүзеге асырсын.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 29 қазандағы
№ 353 өкіміне
Қосымша
2003 жылы Ресейдегі Қазақстан жылын өткізу жөніндегі
Қазақстан Республикасы ұйымдастыру комитетінің
ҚҰРАМЫ
Әбіқаев - Қазақстан Республикасы Президенті
Нұртай Әбіқайұлы Әкімшілігінің Басшысы, төраға
Мыңбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Сауат Мұхаметбайұлы Министрінің орынбасары,
төрағаның орынбасары
Өтембаев - Қазақстан Республикасы Президенті
Ержан Әбілқайырұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
төраға орынбасары