Введите номер документа
Прайс-лист

«Режимдік аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 45 Қаулысы (2025.09.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датапятница, 17 января 2003
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявоскресенье, 9 февраля 2025

Режимдік аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 45 Қаулысы

(2025.09.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2025.27.01. № 26 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Үкіметінің 2025.27.01. № 26 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2025.27.01. № 26 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Режимдік аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтарын пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов

 

ҚР Үкіметінің 2025.27.01. № 26 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (2025 ж. 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкiметінің

2003 жылғы 17 қаңтардағы

№ 45 қаулысымен

бекітілген

 

 

Режимдiк аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтарын пайдалану

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Режимдік аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтарын пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлер мен мемлекеттiк нормативтерге сәйкес әзірленді және режимдiк аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтарын пайдалану тәртiбiн айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) режимдік аумақтардың аймақтары - елді мекендердің шегіндегі және олардан тыс жерлердегі қорғалатын объектілерді орналастыруға арналған аумақтар;

2) режимдік аумақтардың аймақтарына іргелес жатқан аумақтар - осы Қағидалардың талаптарына сәйкес режимдік аумақтардың шекараларына тікелей жанасып жатқан аумақтар.

 

 

2-тарау. Режимдiк аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтарын пайдалану тәртiбi

 

3. Осы Қағидалардың талаптары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамаға сәйкес белгіленген режимдiк аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтары шекаралары шегіндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің барлық субъектілеріне қолданылады.

4. Режимдiк аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің ерекше реттелетін және қала құрылысын регламенттеудің аумақтық объектілері болып табылады.

5. Режимдiк аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамаға сәйкес санитариялық-қорғалатын және күзетілетін аймақтар белгіленетін ерекше режимдегі объектілер орналастырылатын (орналастырылған) арнаулы аймақтарды қамтиды.

6. Елді мекендерде күзетілетін объектілерді орналастыруға арналған режимдiк аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтары периметрі бойынша 100 (бір жүз) метр, ал елді мекендерден тыс жерлерде жер учаскесінің сыртқы шекараларынан 1 (бір) километр қашықтықпен шектелген жер учаскелері болып табылады.

Режимдік аумақтардың аймақтарына іргелес жатқан аумақтарда орналастырылатын жаңа объектілерді салу кезінде арақашықтық, биіктік және қабаттылық бойынша нормалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтерде айқындалады.

7. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген аумақтардың шегiнде құрылыс қызметін жүргiзу үшiн жер учаскесiн беру кезінде жер учаскесiн таңдау актісі және беру схемасы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағына, 44-1-бабының 4-тармағына және 44-2-бабының 10-тармағына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі.

8. Режимдiк аумақтар мен оған іргелес жатқан аумақтардың аймақтарын пайдалану сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамаға сәйкес бекітілген қала құрылысы жобаларына (бас жоспарлар және егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары) сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом