«Технадзор» автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 16 қаңтардағы № 22 бұйрығы
(2007.26.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрлігінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 217 бұйрығымен күші жойылды
Автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізу кезінде ішкі істер органдары жол полициясының бөлімшелері қызметінің тиімділігін одан әрі жетілдіру және арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Технадзор» автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Астана, Алматы қалаларының БІІБ-ның, облыстардың БІІБ-ның, ІІБ-ның бастықтары жол полициясы қызметкерлерінің Нұсқаулықтың талаптарының зерделеуін және орындауын қамтамасыз етсін.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі, полиция генерал-майоры И.И. Оттоға және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы департаментіне (Б.Н. Өмірзақов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
генерал-полковник
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2003 жылғы 16 қаңтар
№ 22 бұйрығымен
бекітілген
«Технадзор» автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесінің
жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы жағдайлар