Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы Нұсқаулықты
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2002 ж. 24
желтоқсандағы № 08-1/77 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрінің 2002 ж. 27 желтоқсандағы № 806 бірлескен бұйрығы
(2009.27.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 08-1-1-1/457 және ҚР Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 488 Бірлескен бұйрықтарымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібін одан әрi жетiлдiру мақсатында бұйырамыз:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы Нұсқаулық бекітілсiн.
2. 2000 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінiң № 65 бұйрығымен және 2000 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігінiң № 388 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы Нұсқаулықтың күш жойылды деп есептелсiн.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеу күнiнен бастап қолданысқа енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік хатшысы -
| Сыртқы істер министрі | Тоқаев Қ.К. |
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
| генерал-полковник | Сүлейменов Қ.Ш. |
"Келісілген"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
генерал-лейтенант
2002 жылғы 19 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік хатшысы -
Сыртқы iстер министрінің
2002 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 08-1/77 бұйрығымен және
Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрінің
2002 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 806 бұйрығымен бекітілген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВИЗАЛАРЫН БЕРУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ
НҰСҚАУЛЫҚ
ҚР СІМ м.а. 2009.13.03 № 08-1-1-1/55-1 және ҚР ІІМ 2009.27.03 № 116 Бірлескен бұйрығымен мәтін бойынша «ІІБ-ІІББ, ІІББ-ІІБ, ІІБ» қысқартылған атаулары «ІІД» атауымен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
1. Жалпы ереже