Введите номер документа
Прайс-лист

Азаматтық авиация саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 наурыздағы № 291 қаулысы (ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 609 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Информация о документе
Датапятница, 21 марта 2003
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 21 марта 2003

Азаматтық авиация саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған
бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 21 наурыздағы № 291 қаулысы

(ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 609 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Азаматтық авиацияны одан әрi дамыту, әуе көлiгiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және транзиттік ағынды тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиация саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі жарты жылдық қорытындылары бойынша қаңтарда және шiлдеде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат берiп отырсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 21 наурыздағы

№ 291 қаулысымен

бекітілген

Азаматтық авиация саласын дамытудың

2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы

ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 609 қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)

 

1. Паспорт (Бағдарламаның негiзгi параметрлерi)

 

Атауы                 Азаматтық авиация саласын дамытудың 

                      2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы
                      (бұдан әрi - Бағдарлама).
 

Әзiрлеу үшін негiз    Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 

                      24 сәуірдегі № 470  қаулысымен бекітілген
                      Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004
                      жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру
                      жөніндегi iс-шаралар жоспарының 7.10-тармағы.
 

Бағдарламаның         Қазақстан Республикасының Көлiк және 

негізгі әзiрлеушiсi   коммуникациялар министрлігі. 

 

Бағдарламаның         Мемлекеттің халықаралық талаптарға жауап 

мақсаты               беретін және сапалы авиациялық қызмет 

                      көрсетулерде мемлекет пен азаматтардың осы
                      келе жатқан қажеттiлiгiн қанағаттандыруды
                      қамтамасыз ететiн тиiмдi авиакөлiк жүйесiн
                      құру
 

Бағдарламаның         1. Ұшулар қауiпсiздігі мен авиациялық 

міндеттерi            қауіпсiздiк деңгейiн арттыру. 

                      2. Мемлекеттік реттеу тетiгiн және азаматтық
                      авиацияның қызметiн реттейтiн нормативтiк
                      құқықтық базаны жетiлдiру.
                      3. Әлеуметтiк мәнi бар авиабағыттарды
                      субсидиялау, авиакомпаниялар мен
                      әуежайлардың қызметiн оңтайландыру,
                      транзиттiк әлеуеттi дамыту.
                      4. Әуе қозғалысын басқару және бақылау
                      жөніндегi өндiрiстік қуаттарды жаңғырту
                      және iс-шаралар кешенiн орындау.
                      5. Тарифтiк саясатты жетiлдiру.
 

Бағдарламаның         1. Мақсаттарды iске асыру үшiн саланың 

негiзгi бағыттары     нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру: 

және iске асыру       - ұшу қауiпсiздiгi мен авиациялық 

тетіктері             қауіпсiздiктi қамтамасыз ету; 

                      - сала субъектiлерiнiң қызметiне қойылатын
                      негiзгi экономикалық, техникалық және
                      біліктiлiк талаптарын арттыру.
                      2. Әуе кемелерi паркiн жаңарту.
                      3. Әуежайлардың негiзгi өндiрiстiк қуаттарын
                      қайта құру жәнe жаңарту, транзиттiк әлеуеттi
                      дамыту үшiн халықаралық әуежайлардың қызметiн
                      оңтайландыру.
                      4. Әуе қозғалысын басқару және бақылау
                      жөніндегi негiзгi өндiрiстiк қуаттарды дамыту.
                      5. Әлеуметтік мәнi бар авиабағыттарды
                      субсидиялау және бөлу жөніндегі iс-шараларды
                      iске асыру;
                      6. Азаматтық авиация үшiн авиаотынның
                      өзiндiк құнын төмендету жөнiнде қажеттi
                      шаралар қабылдау;
                      7. Тарифтiк саясатты реттеу жүйесiн әзiрлеу.
 

Қажеттi ресурстар     Республикалық бюджеттің қаражаты. 

және                  Бағдарламаны iске асыруға 

Бағдарламаны          2003-2005 жылдардағы шығыстар сомасы 

қаржыландыру          38197,3 млн. теңгенi құрайды. 

көздерi

 

Бағдарламаны iске     Бағдарламаның iске асырылуы: 

асырудан күтiлетiн    - ұшу қауіпсiздiгi мен авиациялық 

нәтижелер             қауiпсiздігін деңгейiн арттыруды; 

                      - әуе кемелерiн паркiн және авиация
                      инфрақұрылымын жаңғырту мен жаңарту
                      жолымен отандық авиакомпаниялардың
                      бәсекеге қабілеттiлiгін арттыруды;
                      - елдің транзиттiк әлеуетін барынша пайдалану
                      үшiн халықаралық әуежайлар торабын
                      қалыптастыру мен дамытуды;
                      - кадрлар әлеуетiн қалпына келтiрудi;
                      - 2005 жылы авиатасымалға сұраныстың 1,5 есе
                      өсуін қамтамасыз етедi
 

2. Кiрiспе

Проблеманың көп қырлылығы және азаматтық авиация саласындағы бұның алдындағы түрленудің көптiгi Қазақстан Республикасында азаматтық авиацияның дәйектi мемлекеттік саясатын дамыту қажеттілігi туралы куәландырып отыр.

Бағдарлама Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейiнгi кезеңге арналған даму стратегиясын, Қазақстан Республикасының "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Заңын (бұдан әрi - Заң), Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 заң күшi бар Жарлығын iске асыру мақсатында әзiрленген.

Бағдарлама 2003-2005 жылдар кезеңiнде ұшу қауiпсiздiгi мен авиациялық қауіпсiздiктi арттыруды, нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiрудi, авиациялық инфрақұрылымды жаңғыртуды, транзиттiк әлеуеттi дамытуды, кадрларды даярлаудың жүйесiн қалыптастыру мен дамытуды, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы тиімдi мемлекеттік реттеудi көздейдi.

3. Саланың қазiргі жай-күйiн талдау және қазiргi

проблемалар

Қазақстанның азаматтық авиациясы авиациялық жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң алуан түрлерiн орындайтын, тиiстi инфрақұрылымды (әуе жайлар, техникалық қызмет көрсету базасы, аэронавигация) қамтамасыз ететiн авиакәсіпорындардан тұратын күрделi, кең тараған жүйе болып табылады.

Қазақстан Республикасының Еуразия орталығында географиялық орналасуы, Ресей және Қытай сияқты елдермен көршiлестiгi, аумағының үлкендiгi мен тұрғындар тығыздығының төмендiгi, сондай-ақ темір жолдар мен автомобиль жолдарының, әсiресе тез дамып келе жатқан мұнай аймақтарында (Батыс Қазақстан) жеткiлiксiз дамуы азаматтық авиацияның дамуы үшiн алғышарттар жасайды.

Аймақтардың дамуымен аймақтық тасымалдарға мұқтаждық айтарлықтай өстi, ал халықаралық экономикалық кеңiстiкке кiрiгу және Қазақстан халқының табыстарының ұлғаюы таяу және алыс шетелдерге ұшу қажеттiлiгiнің өсуiн тудырады.

Ұшу қауiпсiздiгi

Азаматтық авиация субъектiлерiнің қызметiн бақылау мен қадағалаудың қазiргi жүйесi соңғы жылдары айтарлықтай өзгерістерді өткердi. Азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық база соңғы жылдар iшiнде іс жүзiнде жаңартылмаған. Әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын қалпында ұстау, сертификаттау және ұшулардың қауiпсiздiгiн қадағалау мәселелерi азаматтық авиация субъектілерiне және басқа мемлекеттік емес құрылымдарға берiлген, бұл тұтас алғанда саланы басқарудың үйлестiрiлген тетiгi болмауына әкелдi.

Ұшу қауiпсiздiгi жөніндегі материалдарды талдау 2000 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан аумағында 3 авиациялық оқиға, 30 оқыс оқиға, әуе кемесiнiң жердегi 2 зақымдануы;

- 2001 жылы 33 оқиға және әуе кемесiнің жердегi 3 зақымдануы болғанын көрсетедi;

- 2002 жылы 23 оқыс оқиға және 1 төтенше оқиға тiркелген.

2002 жылы болған авиациялық оқиғалар мынадай түрде бөлiнген:

- конструкторлық-өндiрiстiк ақауларға байланысты 13;

- ұшу құрамының кiнәсi бойынша - 5;

- ұшуларды қамтамасыз ететiн басқа қызметтердiң кiнәсi бойынша - 5.

1-кесте. 1997 жылдан бастап авиациялық оқиғалардың

салыстырмалы талдауы

     

Жылдар

     

Адам өлімсіз

 авиациялық

  оқиғалар 

Апаттар

      

      

 

Барлығы 

        

        

 1997

 1998

 1999

 2000

 2001

 2002

    3      

    4      

    1      

    3      

    -      

    -      

   -  

   -  

   1  

   -  

   -  

   -  

    41  

    62  

    32  

    30  

    33  

    23  

       9        

       3        

       6        

       2        

       3        

                

   53   

   69   

   40   

   35   

   36   

   23   

 

 

 

 

 

 

 

Барлық авиациялық оқиғалардың 50%-дан астамы авиация техникасының iстен шығу себебi бойынша болды.

Ұшу қауiпсiздiгi бөлiгіндегі негiзгi проблемалар мыналар болып табылады:

1) республикада ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге әсер ететiн жүйенің болмауы;

2) ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету  жөніндегі отандық нормативтiк құжаттардың халықаралық талаптарға сәйкес еместігі;

3) авиациялық техниканың техникалық жай-күйi;

4) нормативтiк құжаттар талаптарының тиiсiнше бақыланбауы және орындалмауы;

5) командалық-басшы, ұшу және техникалық құрамның iшіндегі төмен орындаушылық тәртібі;

6) авиациялық қызметшiлердің жеткiлiксiз кәсіптiк дайындығы.

 

Авиатасымалдаушылар

 

Бүгiнгi күнi әуе тасымалы мен авиациялық жұмыстар рыногында 47 авиакомпания тiркелген. Азаматтық авиация саласы аса күрделi жұмсалымды қажет етедi, үлкен капитал салымдар қажет (әуe кемелерiн сатып алу, авиациялық техникалық базаны жаңғырту және т.б.). Авиатехниканы қалпында ұстау мен техникалық қызмет көрсетуге арналған iлеспе шығыстар да зор, осының барлығы қазiргi 47 авиакомпанияның бiрi де әуе кемесiн сатып алуға қабiлетсiз болып қоймай, әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығын қалпында ұстау жөніндегі шығыстарын үнемдеуге мәжбүр болуына әкелдi.

Әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын қалпында ұстау және қазiргi заманғы үлгiлермен әуе кемелерi паркiн жаңарту үшiн қажеттi қаржылық қаражаттың болмауы бүгінгі күні ең төмен деңгейде тұрған бәсекелiк ортаны қалыптастыруға әсер еттi.

Көптеген авиакомпаниялардың қызметi тиiстi түрде олардың табысын және ұшу қауіпсiздiгiн қамтамасыз етпейді. Белгiленген үлгiдегi ұшақтардың жеткiлiксiз санына ие болған қазақстандық авиакомпаниялар көбiнесе тұрақты рейстердi жүзеге асыруды қамтамасыз ете алмайды.

Тiркелген 47 авиакомпанияның 10-ында өз әуе кемелерi жоқ, бұл ретте:

- 6 авиакомпания тұрақты жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырады;

- 14 авиакомпания чартерлiк рейстердi жүзеге асырады;

- 27 авиакомпания авиациялық-химиялық жұмыстарға мамандандырылған.

Осы кезде iшкi және халықаралық әуе желiлеріндегі тасымалдардың негiзгi көлемi "Эйр Қазақстан" және "Эйр Астана" авиакомпанияларына келедi.

Бүгiндерi авиакомпанияларды оңтайландыру процесi жүре бастады, күзгi-қысқы навигацияда тұрақты жолаушылар авиатасымалдарын жүзеге асыру құқығына конкурс өткiзгеннен кейiн іс жүзiнде Қазақстан рыногында 6 авиакомпания ғана қалды.

Қазiргi уақытта 2000 жылмен салыстырғанда авиарейс санының өсу үрдiсi байқалып отыр.

2001 жылы авиакомпаниялар 783 мың адам және 2002 жылы - 899 мың адам тасымалдаған. Яғни, авиатасымалдаушылардың қызмет көрсетулерiн пайдаланатын азаматтар санының өсуi орын алып отыр. Бұл бiздің ойымызша, өз кезегiнде, халықтың экономикалық  белсендiлiгiнің өсуiнен және жаңа авиажелiлердiң енгізуiнен кейiн ұшу жиiлiгiнің өсуiнен болып отыр.

Жүк авиатасымалдарының көлемi 2001 жылы 8,4 мың тоннаны, ал 2002 жылы - 13,2 мың тоннаны құрды. Жүк тасымалдары көлемiнiң өсуi "Эйр Астана" авиакомпаниясына тұрақты рейстерiнің бiр бөлiгiн беруге байланысты 2002 жылдың екiншi жарты жылдығынан бастап "Эйр Қазақстан" авиакомпаниясының жүк авиатасымалдары саласындағы қызметiн өрiстетуімен байланысты.

 

Әуе кемелерi

 

Қолданыстағы әуе кемелерi паркiнiң үлкен моральдық және табиғи тозуы бар болғандықтан, азаматтық авиацияның проблемалары күрделеніп тұр.

Қазiргi уақытта Қазақстанның азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тiзiлiмінде тiркелген әуе кемелерiнің жалпы саны 628 бiрлiктi құрайды, соның ішінде 540 ұшақ және 88 тiкұшақ.

Оның iшiнде:

- 1-сыныптысы (А-310, Б-737, Ил-86, Ил-62, Ту-154, Ил-76) - 42, оның iшiнде жарамдысы - 23, жарамдылық пайызы - 55%;

- 2-сыныптысы (Tу-134, Ан-12, Як-42, Ил-18, ВАС  1-11) - 25, оның ішінде жарамдысы - 17, жарамдылық пайызы - 68%;

- 3-сыныптысы (Як-40, Ан-74, Ан-30, Ан-26, Ан-24) - 96, оның ішінде жарамдысы - 50, жарамдылық пайызы - 52%;

- 4-сыныптысы (Ан-2, Л-410, Авиатика-890, Як-18) - 377, оның iшiнде жарамдысы - 92, жарамдылық пайызы - 24%;

- тiкұшақтар (Ми-8, Ми-2) - 88, оның iшiнде жарамдысы - 36, жарамдылық пайызы - 40%.

Негiзiнде пайдаланушылар халықаралық әуе желiлерiнде бәсекеге қабiлетсiз әуе кемелерiн пайдаланады. Өзiнің техникалық-экономикалық өлшемдерi бойынша қазiргi заманғы халықаралық талаптарға сәйкес әуе кемелерiнің тапшылығы байқалады. Iс күйiнде парктің жаңартылуы тоқтатылған. 25 жылдан аспайтын жалпы жұмыс iстеу мерзiмiнде 1-3 сыныптағы әуе кемелерiнің орташа жасы 21-22 жылды құрайды.

Әуе кемелерiнің көбi шуыл, экология, навигация дәлдiгi бойынша халықаралық талаптарға сәйкес келмейдi, бұл Батыс Еуропа, Солтүстiк Америка, Қиыр Шығыс елдерiне ұшуға мүмкiндiк бермей отыр. Осы жағдай халықаралық авиатасымалдар рыногын жоғалтып алу қаупін туғызады. Қызмет көрсету, сенімдiлiк пен қауiпсiздiк деңгейi, әуе кемелерiнің интерьерi және олардың салдары ретiнде қазақстандық авиакомпаниялардың беделi шетелдік және Ресей авиакомпаниялары сияқты бәсекелестермен салыстырылмайды.

Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiнің мемлекеттік тiзiлiмiнде 88 тiкұшақ, соның iшiнде: Ми-8 - 8 бiрлiк, Ми-8Т - 36 бiрлiк, Ми-8МТВ - 15 бiрлiк және Ми-2 - 29 бiрлiк.

Ми-8 үлгiсiн пайдаланатын тiкұшақтардың көбі 80-жылдардың ортасында шығарылған. Шығарушы зауыттар олардың үлгiсiне қарай жылдармен алғанда (күнтiзбе) 25-30 жылға кепілдiк берiлген ресурстарды белгiлегенiн ескерсек, оларды пайдаланудың шектелген мерзiмдерi 2014-2016 жылдарға келiп тұр. Ми-2 тікұшақтарының 33%-ында (10) күнтiзбелiк ресурстары өтіп кеткен.

Әуе кемелерi паркін жаңарту бойынша шаралар қолданбаған жағдайда 2005 жылы Қазақстанда жолаушылар тасымалдарына деген өсiп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшiн жарамды әуе кемелерiнің жетiспеуi білiнетін ахуал туындауы мүмкiн.

 

2-кесте. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерi

мемлекеттік тiзiлiмiнде тiркелген әуе кемелерi

     Әуе      

  кемесiнiң   

    үлгiсi    

              

              

    Әуе кемелерінің саны          

  Пайдалану    

 күнтізбелік   

  мерзімінің   

   аяқталуы    

               

  өтіп кеткен 

  белгiленген 

  ресурстармен

   белгiленген    

    ресурстың     

  қалдығына иелер 

                               Ұшақтар                             

ИЛ-86         

(барлығы-7)   

              

              

              

        1     

              

              

              

               

         1        

         2        

         1        

         1        

         1        

     2004      

     2005      

     2007      

     2008      

     2012      

В-737-200     

(барлығы-3)   

              

                

         3        

                  

жай-күйі бойынша

               

А-310-300     

(барлығы-2)   

              

                

         2        

                  

жай-күйі бойынша

               

ТУ-154        

(барлығы-20)  

               

              

              

              

        9     

              

              

              

              

              

         1        

         2        

         1        

         4        

         1        

         2        

     2002      

     2003      

     2005      

     2006      

     2009      

     2013      

ИЛ-76         

(барлығы-11)  

              

              

              

        1     

              

              

              

              

         2        

         1        

         1        

         2        

         4         

     2002      

     2003      

     2007      

     2012      

     2013      

ТУ-134        

(барлығы-13)  

        12    

              

         1        

                  

     2004      

               

ЯК-42         

(барлығы-9)   

              

              

              

              

              

              

              

                

         1        

         1        

         1        

         1        

         5        

     2009      

     2011      

     2012      

     2017      

     2018      

Ан-24         

(барлығы-37)  

              

        28    

              

              

         5        

         3        

         1        

     2003      

     2004      

     2006      

Як-40         

(барлығы-47)  

        45    

              

         2        

                  

     2003      

               

                            Тікұшақтар                             

Ми-2          

(барлығы-29)  

              

              

              

              

        10    

              

              

              

              

              

         3        

         2        

         5        

         5        

         3        

         1        

     2005      

     2006      

     2007      

     2008      

     2009      

     2010      

Ми-8          

(барлығы-8)2  

              

              

        -     

              

              

              

         2        

         3        

         2        

         1        

     2012      

     2014      

     2015       

     2019      

Ми-8Т         

(барлығы-36)  

              

              

              

              

              

              

              

              

        5     

              

              

              

               

              

              

              

              

              

         1        

         4        

         5        

         1        

         4        

         5        

         7        

         1        

         2         

         1        

     2005      

     2007      

     2008      

     2009      

     2010      

     2011      

     2012      

     2013      

     2017      

     2021      

Ми-8МТВ       

              

              

              

              

              

        2     

              

              

              

              

              

         1        

         3        

         5        

         1        

         2        

         1        

     2015      

     2016      

     2017      

     2018      

     2019      

     2021      

 
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом