Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы өтініштерді ұсыну және қарау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 24 ақпандағы № 49-НҚ бұйрығы
(2009.05.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 430 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005.29.09. № 283-НҚ Бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009.05.02 № 30-НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005.29.09. № 283-НҚ Бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы өтініштерді ұсыну және қарау ережесі бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы департаменті (А.Т. Шабдарбаев) осы бұйрық мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн:
1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгiленген тәртiппен жариялауды қамтамасыз етсiн;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң орталық аппараты мен аумақтық органдарының құрылымдық бөлiмшелерi назарына жеткiзсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары А.К.Әміринге жүктелсін.