Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт Ұйымының құқықтық мәртебесi туралы
КЕЛІСІМ
(Кишинев қ., 2002 ж. 7 қазан)
(2018.08.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2003 ж. 2 шілдедегі № 450-11 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Келісім бекітілді
Ұжымдық қауіпсiздiк туралы Шартқа қатысушы мемлекеттер,
1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы Шарттың негiзiнде (бұдан әрi - Шарт),
халықаралық құқықтың жалпыға танылған принциптерiн басшылыққа ала отырып,
Ұжымдық қауiпсiздiк туралы Шарт Ұйымының (бұдан әрi - Ұйым) мақсаттары мен принциптерiн тиiмдi iске асыру үшiн қажеттi жағдайлармен қамтамасыз етуге ниет білдiре отырып,
төмендегілер туралы келiстi:
2007 ж. 6 қазандағы Хаттамамен (бұр.ред.қара); 2018 ж. 8 қарашадағы Екінші хаттамамен (2021 жылғы 19 қаңтарда күшіне енді) (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді
1-бап
Осы Келісімнің мақсаттары үшiн келтiрiлген төмендегi терминдер мынаны білдiредi:
«Тараптар» - осы Келісімге қатысушы мемлекеттер;
«мүше-мемлекеттер» - Ұйымға мүше-мемлекеттер;
«Кеңес» - Ұйым Жарғысының IV-тарауына сәйкес құрылған Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесi;
«мекендеу мемлекетi» - Ұйым Хатшылығы орналасатын немесе iс-шара өткiзiлетiн аумақтағы мүше-мемлекет;
«Ұйым органдары» - Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесi, Сыртқы iстер министрлерiнiң кеңесi, Қорғаныс министрлерiнiң кеңесi, Ұйымға мүше-мемлекеттер Қауiпсiздiк кеңесi хатшыларының комитетi;
мүше мемлекеттердің өкілдері» - мүше мемлекеттердің Ұйым жанындағы Тұрақты және Тұрақты өкілдерін қоспағанда, Ұйым шеңберінде өткізілетін іс- шараларға қатысатын делегациялардың басшылары мен мүшелерін қоса алғанда, Ұйымға мүше мемлекеттердің өкілдері;