Введите номер документа
Прайс-лист

Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялауды жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 30 сәуірдегі № 421 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 30 апреля 2003
Статус
Утратил силу
утратил силу с 12 июля 2011

Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялауды жүргiзу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 30 сәуірдегі № 421 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 Қаулысымен күші жойылды

 

«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялауды жүргiзу ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

И.Тасмағамбетов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2003 жылғы 30 сәуірдегі

№ 421 қаулысымен

бекітілген

Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялауды

жүргiзу ережесi

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялауды жүргiзу, аккредитациялауды жүргiзу үшiн құжаттар тапсыру, оларды қарау және аккредитациялау туралы куәлiк беру тәртібiн белгілейдi.

2. Аккредитациялау - ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік органы (бұдан әрi - Аккредитациялық орган) мемлекеттік емес ғылыми ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен ғылыми және ғылыми-техникалық салаларда жұмыстар жүргiзу өкiлеттiлiгiн ресми тануы.

3. Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялау отандық ғылым мен техниканың бәсекелестiк деңгейiн қолдау мақсатында жүргiзiледi.

4. Аккредитациялауға Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгiленген тәртiппен мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен ғылыми және ғылыми-техникалық саласында жұмыстар жүргiзуге ниет бiлдiрген мемлекеттік емес ғылыми ұйымдар жатады.

5. Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдардың филиалдарын аккредитациялау мемлекеттік емес ғылыми ұйымдардың құрамында жүргiзiледi.

6. Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялауды Аккредитациялық орган бекiтетiн ғылыми ұйым қызметiнiң негiзгi көрсеткіштерiнiң тiзбесi бойынша аккредитацияланатын мемлекеттік емес ғылыми ұйымның қызметiн бағалау негiзiнде Аккредитациялық орган жүзеге асырады.

7. Аккредитациялық орган аккредитацияланған мемлекеттік емес ғылыми ұйымдардың тiзiлiмiн жүргiзедi және қажет болған жағдайда сұрау салу негiзiнде Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттік органдарына ақпарат жiбередi.

8. Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялау мәселелерiн алқалы және жариялы қарау үшiн Аккредитациялық орган консультативтiк-кеңесшi орган - мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациялау жөніндегі Комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады.

Комиссияның құрамына орталық атқарушы органдар мен ғылыми ұйымдардың өкiлдерi енедi.

Комиссия туралы ереженi Аккредитациялық орган әзiрлейдi және бекiтедi.

2. Аккредитациялауды жүргізу тәртібі

9. Мемлекеттік емес ғылыми ұйым аккредитация алу үшiн Аккредитациялық органға мынадай құжаттарды:

1) Аккредитациялық орган бекiткен нысан бойынша өтiнiштi;

2) ұйым жарғысының нотариалды расталған көшiрмесiн;

3) заңды тұлға ретiнде ұйымның мемлекеттік тiркелуi туралы куәлiктiң көшiрмесiн ұсынады;

10. Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдар ұсынған құжаттарды қарау құжаттарды берген күнінен бастап үш ай мерзiмнен кешiктiрiлмей Комиссия отырыстарында жүзеге асырылады.

11. Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдардың құжаттарын Комиссияның зерделеу қорытындылары бойынша аккредитациялық орган оларды аккредитациялау (немесе аккредитациялаудан бас тарту) туралы және аккредитациялау туралы куәлік беру (беруден бас тарту) туралы шешiм қабылдайды.

12. Аккредитациялау туралы куәлiк немесе аккредитациялаудан бас тарту туралы шешiм мемлекеттік емес ғылыми ұйымға аккредитациялау немесе аккредитациялаудан бас тарту туралы шешiм қабылданған күнiнен бастап бiр ай мерзiмде берiлдi.

13. Аккредитациялау туралы куәлiк беруден мынадай себептер бойынша бас тартылуы мүмкiн:

1) осы Ереженiң 9-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар ұсынылмаса;

2) мемлекеттік емес ғылыми ұйым оның жарғысында бекітілген қызметтің мәні мен мақсаттарына жауап бермейтiн қызметтi жүзеге асырса.

Мемлекеттік емес ғылыми ұйым көрсетiлген кедергiлердi жойған кезде аккредитациялау туралы өтiнiш жалпы негiзде қаралады.

14. Аккредитациялаудан өткен мемлекеттік емес ғылыми ұйымға Аккредитациялық орган бекiткен нысан бойынша 5 жыл мерзiмге тиiстi куәлiк берiледi.

3. Куәлiктің қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату

15. Аккредитациялық орган өзiнiң шешiмiмен мемлекеттік емес ғылыми ұйым оның жарғысында бекітілген қызметтiң мәнi мен мақсаттарына жауап бермейтiн қызметті жүзеге асырған жағдайда, алты айға дейiнгi мерзiмге оған берiлген аккредитация туралы куәлiктiң қолданылуын тоқтатады.

16. Аккредитациялау туралы куәлiк өзiнiң қолданылуын мынадай жағдайда тоқтатады:

заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылғанда;

куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұру жөніндегі себептер жойылмағанда;

мемлекеттік емес ғылыми ұйым куәлiк қолданылуының тоқтатылуы туралы өтiнiштi ұсынғанда;

оның қолдану мерзiм аяқталғанда.

17. Аккредитациялау туралы немесе куәлiктердiң қолданылуының тоқтатылғаны туралы куәлiк алған мемлекеттік емес ғылыми ұйымдар туралы ақпаратты аккредитациялаушы орган мерзiмді баспасөзде жариялайды.

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом