Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 2 қазандағы № 1402 қаулысына
өзгерістер мен толықтурылар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 12 мамырдағы № 439 қаулысы
ҚР Үкіметінің 24.07.03 ж. № 735 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті лицензиялау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 2 қазандағы № 1402 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 45, 413-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті лицензиялау туралы ережеде:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Ереже Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті лицензиялау мен бақылаудың тәртібін белгілейді және осы қызметті жүзеге асыруға біліктілік талаптарын айқындайды.";
1-тармақта:
"зейнетақы активтерін және Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөніндегі компаниялардың" деген сөздер "зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алынып тасталсын;
5-тармақта:
б) тармақшасы "тіркеу" деген сөзден кейін "(қайта тіркеу)" деген сөздермен толықтырылсын;
д) тармақшасы "құрылтайшыларға" деген сөзден кейін "(акционерлерге)" деген сөзбен толықтырылсын;
6-тармақ алынып тасталсын;
7-тармақтағы "бухгалтерлік" деген сөз "қаржылық" деген сөзбен ауыстырылсын;
27-тармақта:
мынадай мазмұндағы а-1) және а-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"а-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшеріне, оның қалыптасу тәртібіне және құрамына қойылатын талаптардың сақталуы;
а-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған меншік капиталының қалыптасу тәртібіне қойылатын талаптардың сақталуы;".
б) тармақшасындағы "делдалдық кеңселермен, зейнетақы қорларымен, Орталық депозитариймен және кастодиан банктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін" деген сөздер "зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруды қамтамасыз ететін" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
| Премьер- Министрі | И. Тасмағамбетов |