Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 2 қазандағы № 1402
қаулысының күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 2003 жылғы 24 шілдедегі № 735 қаулысы
Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шiлдедегi және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңдарына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметтi лицензиялау туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 2 қазандағы № 1402 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 45, 413-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 2 қазандағы № 1402 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 мамырдағы № 439 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 19, 193-құжат).
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |