Введите номер документа
Прайс-лист

«Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 мамырдағы № 442 қаулысы (ҚР Үкіметінің 15.11.04 ж. № 1201; 26.11.04 ж. № 1237 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Информация о документе
Датапонедельник, 12 мая 2003
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 12 мая 2003

"Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі
мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 мамырдағы № 442 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 15.11.04 ж. № 1201; 26.11.04 ж. № 1237 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)

Бұрынғы редакцияларды қара

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 15.11.04 ж. № 1201 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді

1. Жарғылық капиталына даму институттары жүйесiнiң қалыптасуымен негізделген мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiктерiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) Қоғамды құруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің рұқсатын алуды;

2) Қоғамның жарғылық капиталын 2003 жылғы республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен қалыптастыруды;

3) Қоғамның Жарғысын бекiтудi және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуiн;

4) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiне иелiк ету және оны пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне берудi;

5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар бекітілсiн.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.

5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

 

 

 

И. Тасмағамбетов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2003 жылғы 12 мамырдағы № 442

қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешiмдерiне

енгiзілетiн толықтырулар

1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктің түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердің тiзбесiнде:

"Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-84-жолмен толықтырылсын:

"123-84 "Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ".

2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестерiне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнің және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесінде:

"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 236-16-жолмен толықтырылсын:

"236-16. "Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ".

3. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектілерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 43, 513-құжат):

2006 жылға дейiн акциялардың мемлекеттік пакеттерi жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлік қоғамдардың тiзбесiнде:

мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 45-жолмен толықтырылсын:

"45. "Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ (Алматы қаласы) 100 %".

4. ҚР Үкіметінің 26.11.04 ж. № 1237 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)




























Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом