Введите номер документа
Прайс-лист

Жолаушылар жылжымалы құрамының қызмет мерзімін ұзартуды реттейтін актілерді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 ж. 18 сәуірдегі № 136-І бұйрығы (2005.09.08. берілген толықтырулармен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 18 апреля 2003
Статус
Утратил силу
утратил силу с 12 мая 2011

Жолаушылар жылжымалы құрамының қызмет мерзiмiн ұзартуды реттейтiн актiлердi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 ж. 18 сәуірдегі № 136-І бұйрығы

(2005.09.08. берілген толықтырулармен)

 

ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 26 ақпандағы № 93 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 қарашадағы № 1756 қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының темір жол көлiгiнде жолаушылар поездары қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) Жолаушылар жылжымалы құрамы мен оларға теңестiрiлген үлгiдегi вагондардың қызмет мерзiмiн ұзарту ережесi (1-қосымша);

2) Жолаушылар жылжымалы құрамы мен ВУ-5 нысанды үлгiдегi оларға теңестiрiлген вагондардың техникалық паспорты (2-қосымша);

3) Жолаушылар жылжымалы құрамы мен оларға теңестiрiлген үлгiдегi вагондардың қызмет мерзiмiн ұзарту жөніндегі жұмыстарды жүргiзу туралы Акт нысаны (3-қосымша);

4) Жолаушылар жылжымалы құрамы мен оларға теңестiрiлген үлгiдегi вагондардың қызмет мерзiмiн ұзарту жөніндегі мүмкiншiлiктi анықтау үшiн жолаушылар жылжымалы құрамының техникалық жай-күйiн тексерудi өткізу әдiстемесi (4-қосымша);

5) Жолаушылар жылжымалы құрамының техникалық жай-күйiнiң картасы (5-қосымша) бекітілсiн.

2. Темір жол көлiгi департаментi (Н.Т.Байдәулетов) белгiленген тәртiпте осы бұйрықты:

1) мемлекеттік стандарттау жүйесiнiң тiзiлiмiне тiркеу үшiн Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiне;

2) мемлекеттік тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне ұсынсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.

4. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Министр

Нағманов Қ.И.

«Жолаушылар жылжымалы құрамының қызмет

мерзiмiн ұзартуды реттейтiн актiлердi

бекіту туралы» Қазақстан

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами