Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы (2008.02.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датасуббота, 17 мая 2003
Статус
Утратил силу
утратил силу с 9 апреля 2010

Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015
жылдарға арналған стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 2003 ж. 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы

(2008.02.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Президенті 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен күші жойылды

 

Экономиканы әртараптандыру және жаңғырту негiзiнде елдiң тұрақты дамуын қамтамасыз ету, өнiмнiң бәсекелiк түрлерiн шығару мен экспортты ұлғайту үшiн жағдайлар жасау мақсатында қаулы етемін:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы (бұдан әрi - Стратегия) бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

екі ай мерзiмде Стратегияны iске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын әзiрлеп, бекiтсiн (І кезең);

жылына екi рет, 1 ақпанға және 1 тамызға дейiн жарты жылдық қорытындылары бойынша Мемлекет басшысына Стратегияның орындалу барысы туралы ақпарат беретiн болсын.

3. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар Стратегияны iске асыру жөнiнде барлық шараларды қолдансын.

4. Стратегияның орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

ҚР  Президентінің 2008 ж. 2 шілдедегі № 627 Жарлығымен Стратегия жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2003 жылғы 17 мамырдағы

№ 1096 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының

Индустриялық-инновациялық дамуының

2003-2015 жылдарға арналған

СТРАТЕГИЯСЫ

 

Астана, 2008 жыл

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

Қазақстан халқына жолдауларынан:

 

««Біздің экономикалық жетістіктеріміз Қазақстанның Орталық Азия экономикасында көш басына шығуына жол ашты. Ендігі жерде біздің қолымызда Қазақстанды экономикалық дамудың «өңірлік локомотивіне» әрі оны әлемдік экономиканың оңтайлы «ойыншысына» айналдыра алатындай күш бар.»

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом