Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең aз тәуекел санатына
жатқызудың және кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртібін қолданудың
ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының м.а. 2003 ж. 29 мамырдағы № 258 бұйрығы
(ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 16.04.04 ж. № 181;
16.07.04 ж. № 313 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Қаржы министрілігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005.29.06. № 240 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 371, 470-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызудың ережесі;
2) Кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртібін қолданудың ережесі бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң баспасөз қызметi (А.А.Қоңлыбаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Төрағаның
міндетін атқарушы
"Сыртқы экономикалық қызметке
қатысушыларды ең аз тәуекел
санатына жатқызудың және
кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған
тәртібін қолданудың ережесін
бекіту туралы"
Қазақстан Республикасының
Кедендiк бақылау агенттiгi
төрағасының
2003 жылғы 29 мамырдағы
№ 258 бұйрығымен
бекітілген
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды
ең аз тәуекел санатына жатқызудың ережесi
1. Жалпы ережелер