Психикалық белсенді затты пайдалану фактісін және мас болу жағдайын анықтау туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 446 бұйрығы
(2008.31.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 504 бұйрығымен күші жойылды
«Келісілген»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
генерал-полковник
2003 жылғы 2 шілде
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2008.31.10. № 578 Бұйрығымен
Психикалық белсенді затты пайдалану фактілерін анықтау үшін азаматтарды медициналық куәландыруды жүзеге асыру жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Психикалық белсенді затты пайдалану фактісін және мас болу жағдайын анықтау туралы» нұсқаулық бекітілсін.
2. Бұл бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2003 жылғы 11 маусымдағы
№ 446 бұйрығымен
бекітілген
Психикалық белсенді зат пайдалану фактісін және мас болу
жағдайын анықтау тәртібі туралы нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының заңнамасында психикалық белсенді зат пайдалану, қоғамдық орындарда, жұмыста мас күйінде болу, мастық күйде көлік жүргізуге байланысты азаматтарды тәртіптік жауапкершілікке тартуды қарастырған жағдайларда психикалық белсенді зат пайдалану фактісін және мас болу жағдайын анықтау кезінде қолданылады.
2. Мастық күй - психикалық белсенді затпен қатты уланудың салдарынан пайда болған және психикалық, мінез-құлықтық, вегетативтік және соматоневрологиялық бұзылулардың жиынтығымен сипатталатын күй. Мастық күй алкогольдікке, есірткі заттарға және уытты заттектерге әуестіліктен болады.
3. Осы нұсқаулық сот-медицналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаулардың сот және тергеу органдарының қаулысы бойынша белгіленген тәртіппен жүргізілетін жағдайларды қамтымайды.