Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсатты алуға қажеттi
құжаттардың тiзбесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және
сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2003 жылғы 30
маусымдағы № 255 бұйрығы
ҚР Индустрия және сауда министрлігінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 170 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Заңының 68-бабының 11-тармағын орындау үшiн және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 18 қарашадағы № 1220 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөніндегі комитетi туралы ережеге сәйкес Бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсатты алуға қажеттi құжаттардың тiзбесi бекітілсiн.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.
Төрағаның
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасының Индустрия
және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi
жөніндегі комитетi Төрағасының мiндетiн
атқарушысының 2003 жылғы 30 маусымдағы
№ 255 бұйрығымен бекітілген
Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге арналған
рұқсатты ресiмдеуге қажеттi құжаттардың
ТІЗІМІ
1. Белгiленген нысандағы өтiнiш (1-қосымша).
2. Жер телiмiн құрылысқа беру туралы аудандық (қалалық) атқарушы органдардың шешiмi.
3. Құрылыс-монтаж жұмыстарына рұқсат алуға арналған белгіленген нысанда бекiтілген жоба (нобайлық жоба) немесе сараптаманың оң қорытындысы бар жобаның жекелеген бөлiмдерi.
4. Құрылыс-монтаж жұмыстары түрлерiнiң тiзбесi бар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыруға құқығына мемлекеттік лицензия.
5. Қалалық (аудандық) инженерлiк қызметпен келісілген құрылыстың бас жоспары.