Қазақстан Республикасында шетелдік білім беру ұйымдары берген білім
туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі
туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2003 ж. 8 тамыздағы № 542 бұйрығы
(2006.06.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасында шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау мәселелерін жүзеге асыру жөніндегі "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережесі бекітілсін.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім департаменті (Б.Әбдірәсілов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге, кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға ұсынсын.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым бірінші вице-министрі Г.Гамарникке жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2003 жылғы 8 тамыздағы
№ 542 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында шетелдік білім беру ұйымдары
берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау
(баламасын белгілеу) тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ереже