Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарының жекелеген мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 10 қыркүйектегі № 916 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Өсiмдiк шаруашылығы, астық және мал азығы дақылдарының, дәрiлiк өсiмдiктердiң және картоптың селекциясы, жоғарғы репродукциялы тұқым өндiру саласында ғылыми-зерттеудiң тиiмдiлiгiн арттыру және Орталық Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндiрiсiне қазiргi заманғы агротехнологияларды енгізу үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Қарағанды өсiмдiк шаруашылығы және селекциялар ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорын қызметiнiң мән-жайы ғылым саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi (өсiмдiк шаруашылығы және егiншiлiк) жүзеге асыру болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының жедел басқаруынан 79132000 (жетпiс тоғыз миллион жүз отыз екi мың) теңге сомасындағы негiзгi құралдар Кәсiпорынның жедел басқаруына берiлсiн (1-қосымша).
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтудi және оны әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және осы қаулының 4-тармағына сәйкес негiзгi қаражатты берудi қамтамасыз етсiн.
7. Осы қаулының 1, 4-тармақтарында және 5-тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген шаралар жүзеге асырылғаннан кейiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны заңнамада белгiленген тәртiппен Қарағанды облысының коммуналдық меншiгiне берiлсiн.
8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қарағанды облысының әкімімен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын коммуналдық меншiкке берудi қамтамасыз етсiн.
9. Қарағанды облысының әкімі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының тұрақты жер пайдалануынан жалпы көлемi 15347 (он бес мың үш жүз қырық жетi) гектар ауыл шаруашылығына арналған жердi, соның iшiнде 13414 (он үш мың төрт жүз он төрт) гектар егiстiк жердi Кәсiпорынның тұрақты жер пайдалануына берудi қамтамасыз етсiн (2-қосымша);
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды жүзеге асырсын.
10. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
11. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 916 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң
«Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу
институты» республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсiпорнының жедел басқаруынан Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Қарағанды өсiмдiк
шаруашылығы және селекциялар ғылыми-зерттеу институты»
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының жедел
басқаруына берiлетiн негiзгi құралдардың
Тізбесі
(2003 жылдың 1 сәуiрiне)
| р/с N | Атауы | Саны, дана | Теңгерiмдiк құны, теңге | Қалдық құны, теңге |
| 1 2 3 4 5 |
| Ғимараттар 1 Картоп қоймасы 5 5042057 3106893 2 Тұқым қоймасы 21 10379895 8568305 3 Астық таза пунктi 5 3385985 762185 4 Зертханалық корпус 1 889967 - 5 Механо-техникалық шеберхана 1 2820924 1634708 6 Зат қоймасы 1 1233982 974940 7 »Элита» кешенi 1 13725269 8578293 8 Гараж 1 410856 112986 9 Техникалық қызмет көрсету пунктi 1 118685 76314 10 Ағаш ұстасының шеберханасы 1 158935 - 11 Асхана 1 384780 - 12 Қонақ үйiмен сауда орталығы 1 11534137 9873221 13 Тұқымды бақылау зертханасы 1 120567 12058 14 Ғылым ғимараты 1 124 88 15 Сүт шағынзауыты 1 27176 12186 Құрылыстар 16 Авто таразылар 2 59299 - 17 Бөгет 6 1581393 1417000 18 Қойма аймағының қоршауы 280716 - 19 Астық алаңы 10 5198929 3920246 20 Мұнай базасының кезекшiлiк бөлмесi 1 15136 1176 21 Су құбыры 3 191273 116417 22 Сорт сынау учаскесi 1 408346 81669 23 Шошқа қора 1 311335 - Өзге негiзгi қаражаттар мен жабдықтар 24 Тоңазытқыш камерасы 2 719592 581435 25 Асхана жабдықтары 7 171802 16575 26 Астық қоймасының жабдықтары 11 295448 174226 27 Ұйымдастыру техникасы 14 881489 593537 28 Кабинет жиһазы 5 107385 72781 29 Металл қоймасы 4 252191 135680 30 Трактор тiркемелерi 13 851765 - 31 Кiтапхана қоры 531 292 32 Жөндеу шеберханасының жабдығы 9 516361 221788 33 Қоймалардың жабдығы 5 472543 141476 34 Голландия жабдығының жиынтығы 1 13439096 10439097 35 Зертхана жабдығы 1 138586 662 36 Шағын сүт зауытының жабдықтары 1 230000 201661 37 Диірмен 2 2459880 1994752 38 Суаруға арналған сорап 2 34068 23516 39 Электр станциясы 1 100000 86000 40 Тыңайтқыш ceбуге арналған машина 1 52008 - Автокөлiк 41 КАМАЗ 3 688710 - 42 ГАЗ-53 12 746277 - 43 ГАЗ-52 2 100271 - 44 ЗИЛ-131 1 515665 - 45 КАВЗ-3270 3 290070 - 46 РАФ 2 213478 - 47 УАЗ-3303 8 625644 8804 48 ГАЗ-3507 8 644160 9424 49 УАЗ-31512 4 3619874 - 50 ЗИЛ-130 1 897545 - 51 ГАЗ-66 1 200687 - 52 ГАЗ-3110 1 677800 629780 53 ЗИЛ-431410 1 24664 - 54 ГАЗ-31029 1 299250 111719 55 ГАЗ-3102 1 271907 - Тракторлар 56 ДТ-75 9 2035320 1007199 57 МТЗ-80 12 7483795 3569698 58 МТЗ-82 6 6068238 2908674 59 К-701 5 2407755 - 60 К-700A 8 3285966 - 61 ЮМЗ-6 3 658776 - 62 T-40 6 6326465 4125000 63 T25 3 187797 21875 64 T-16 3 261812 - 65 Жаңбырлатқыш қондырғы 5 703662 2163 Комбайндар 66 Вихрь 1 8668 - 67 Дон-1500A 17 11957038 6692388 68 СИнуса-5 2 3335185 3204533 69 Енисей-1200 8 15257147 - 70 »Сампо» 1 182447 - 71 »Xere» 1 214582 - Ауыл шаруашылық машиналары 72 Қопсытқыш 22 964802 - 73 Пәлек ұнтақтағыш 1 29597 - 74 Tұқым сепкiш 29 1606567 - 75 Сыдыра қопсытқыш 2 50095 - 76 Тiркеме 6 80970 - 77 Тырма 11 968039 - 78 Дестелегiш 23 4871029 - 79 Соқа 16 347627 - 80 Десте жинауыш 13 1368978 - 81 Таптауыш 1 18816 - 82 Жүйек салғыш 2 94657 - 83 Қар жыртқыш 5 96653 - 84 Маялағыш 2 208169 - 85 Электр тиегiш 1 873233 - 86 Тұқым сепкiштiң тиегiшi 4 189847 - 87 Картоп қазғыш 4 113316 - 88 МТПЦ балғалау 1 25369 - 89 Тұқым тазалағыш машина 2 67544 - Мал шаруашылығы 90 Айғырлар 1 248000 218000 91 Биелер 7 1279503 1279503 92 Аттар 8 1411077 1411077 Барлығы 150345621 79132000 |