Введите номер документа
Прайс-лист

Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 ж. 8 қыркүйектегі № 661 бұйрығы (2005.22.09. берілген өзгерістемен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 8 сентября 2003
Статус
Утратил силу
утратил силу с 10 июня 2010

Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 ж. 8 қыркүйектегі № 661 бұйрығы

(2005.22.09. берілген өзгерістемен)

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 696 Бұйрығымен күші жойылды

 

"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы № 430 Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу ережесі бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Медициналық ғылым және білім департаментінің директоры Н.Қ.Хамзинаға жүктелсін.

3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

Министрдің

міндетін атқарушы

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2003 жылғы 8 қыркүйектегі

№ 661 бұйрығымен

бекітілген

Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу

ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Осы ғылыми-медициналық сараптама жүргізу ережесі (бұдан әрі Ереже) "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметке сараптама жүргізудің тәртібін айқындайды.

2. Ғылыми-медициналық сараптаманы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы (бұдан әрі - уәкілетті орган) құрған алқалы сараптау органы жүргізеді.

2. Ғылыми-медициналық сараптаманың негізгі

қағидаттары мен міндеттері

3. Ғылыми-медициналық сараптаманың негізгі қағидаттары:

1) тәуелсіздік және объективтілік;

2) медицина ғылымын дамытудың әлемдік деңгейіне бағдарлану;

3) сараптамаға берілген материалдардағы ақпараттардың айрықша негіздерінде ғылыми-медициналық қызмет объектілері (бұдан әрі объектілер) бойынша қорытындылар жасау;

4) объектілер бойынша ақпараттардың құпиялылығын және оны, сондай-ақ сарапшылар мен олардың жұмыстарының қорытындылары туралы мәліметтерді сараптамада көзделмеген мақсаттар үшін пайдалануға жол берілмеуін қамтамасыз ету болып табылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом