2004 жылғы астықты мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 ж. 9 наурыздағы № 290 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 12.07.04 ж. № 755; 02.12.04 ж. № 1251 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
Республиканың азық-түлiктiк қауiпсiздiгiн, жұмылдыру мұқтаждығын қамтамасыз ету, стратегиялық маңызы бар астық рыногын жедел реттеу мақсатында және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 12.07.04 ж. № 755 (бұр. ред. қара); 02.12.04 ж. № 1251 (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2004 жылғы егiннiң бидай астығын және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттік астық ресурстарына мемлекеттік сатып алу көлемi республикалық бюджет қаражаты есебiнен 6208382000 (алты миллиард екi жүз сегiз миллион үш жүз сексен екi мың) теңге сомасына 464196 (төрт жүз алпыс төрт мың бір жүз тоқсан алты) тоннаға дейiнгi көлемде белгiленсiн, бұл ретте:
ҚР Үкіметінің 12.07.04 ж. № 755 қаулысымен 1-тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
1) 2004 жылғы 25 шiлдеге дейiнгi мерзiмде көктемгi-жазғы қаржыландыру арқылы:
есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасы үшiн қосылған құн салығын қоса алғанда 13320 (он үш мың үш жүз жиырма) теңге баға бойынша 2841600000 (екi миллиард сегiз жүз қырық бiр миллион алты жүз мың) теңге сомасына және қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушілер үшiн қосылған құн салығын есептемей франко-элеватор шартымен 213334 (екi жүз он үш мың үш жүз отыз төрт) тоннаға дейiнгi көлемде азық-түлiктiк жұмсақ бидай астығы;
есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасы үшiн қосылған құн салығын қоса алғанда 14800 (он төрт мың сегiз жүз) теңге баға бойынша 253080000 (екi жүз елу үш миллион сексен мың) теңге сомасына және қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн қосылған құн салығын есептемей, франко-элеватор шартымен 17100 (он жетi мың бiр жүз) тоннаға дейiнгi көлемде азық-түлiктiк қатты бидай астығы;
ҚР Үкіметінің 02.12.04 ж. № 1251 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) күзде тікелей сатып алу арқылы:
есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасы үшiн қосылған құн салығын қоса алғанда 13320 (он үш мың үш жүз жиырма) теңге баға бойынша 3113702000 (үш миллиард бiр жүз он үш миллион жетi жүз екi мың) теңге сомасына және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшін қосылған құн салығын есептемей, франко-элеватор шартымен 233762 (екi жүз отыз үш мың жеті жүз алпыс екi) тоннаға дейiнгi көлемде азық-түлiктiк жұмсақ бидай астығы.
2. "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамына кредит ресурстарын тарту есебiнен 2000000 (екi миллион) тоннаға дейiнгi көлемде бидай астығын және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын қосымша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ұсынылсын.
3. "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы 2004 жылы оларды сатып алу Қазақстан Республикасының азық-түлiктiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттік ресурстарға астықты мемлекеттік сатып алу жөніндегі қызметтер көрсетудi, мемлекеттік астық ресурстарын сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетудi берушi болып белгiленсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi А.С.Есiмовке жүктелсiн.
5. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрi | Д. Ахметов |