Введите номер документа
Прайс-лист

Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 тамыздағы № 866 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 19 августа 2004
Статус
Утратил силу
утратил силу с 2 июля 2008

Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiнiң тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 тамыздағы № 866 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1369 Қаулысымен күші жойылды 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiнiң тiзбесi бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. К. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2004 жылғы 19 тамыздағы

№ 866 қаулысымен

бекітілген

Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiнiң тiзбесi

Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiне мыналар жатады:

1) елдi мекендерде ұсынылатын тiркелген телефон байланысының (жергiлiктi, iшкi аймақтық және қалааралық) қызметтерi:

тұрғындар саны 500-ден 1000-ға дейiн - қоғамдық телефон/таксофон арқылы*;

тұрғындар саны 200-ден 1000-ға дейiн - қоғамдық телефон/таксофон арқылы**;

тұрғындар саны 1000-нан 3000-ға дейiн - аралас (ұжымдық***/жеке)**** қол жетiмділiктi ұйымдастыру;

тұрғындар саны 3000-нан астам - аралас (жеке/ұжымдық)***** қол жетiмдiліктi ұйымдастыру;

2) тұрғындар саны 3000-нан астам адам бар елдi мекендерде Интернетке ұжымдық қол жеткiзу қызметтерi;

3) "жай" және "шұғыл" санаттағы жеткiзудiң нормаланған мерзiмi бар жеделхаттарды жеткiзудi қоса алғанда, телеграфтық байланыс қызметтерi.

Ескерту

* - тұрғындар саны 200 адам және одан да көп елдi мекендердi телефондау жоспарын бекiткенге дейiн.

** - тұрғындар саны 200 адам және одан да көп елдi мекендердi телефондау жоспарын бекiткеннен кейiн.

*** - телекоммуникациялардың қызметтерiне ұжымдық қол жеткiзу мынадай жолмен iске асырылады:

әмбебап таксофондарды қоса алғанда, (қалааралық және халықаралық телефон қосылымдарын жүзеге асыру мүмкiндiгi) таксофондар орнату факсимильдi аппарат немесе модемдi қосу мүмкiндiгi бар тiркелген қосылымдар арқылы (жергiлiктi, қалааралық және халықаралық телефон қосылымдары, сондай-ақ басқа байланыс операторларының телекоммуникация желілерiмен автоматты тәсiлмен немесе телефонистiң көмегiмен қосу) дауыстау телефоны қызметтерiн ұсынатын ұжымдық пайдалану пункттерiн ұйымдастыру;

факсимильдi аппарат немесе модемдi қосу мүмкiндiгi бар, деректер тарату қызметтерi, Интернет желiсiне қол жеткiзу, алдыңғы қатарлы технологияларды қолданатын қызметтердi тiркелген қосылымдар арқылы (жергілікті, қалааралық және халықаралық телефон қосылымдары, сондай-ақ басқа байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiмен автоматты түрде немесе телефонистің көмегiмен қосу) дауыстау телефоны қызметтерiн көрсететін телекоммуникация қызметтерiне қол жеткiзу орталықтарын ұйымдастыру;

**** - ұжымдық/жеке қол жетiмділік - телекоммуникациялар қызметтерiне ұжымдық қол жетiмдiлік артықшылығы;

***** - жеке/ұжымдық қол жетiмділік - телекоммуникациялар қызметтерiне жеке қол жетiмділiк артықшылығы.

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом