«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің көтермелеу
түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің № 1361 тіркелген 2000 жылғы 12 желтоқсандағы № 1159
бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министрлігінің
2004 жылғы 27 шілдедегі № 652 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 20 қарашадағы № 373-к Бұйрығымен күші жойылды
Бұйырамын:
1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің көтермелеу түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің («Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені» 2001 жылғы, № 7, 331 құжат нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1361 тіркелген) 2000 жылғы 12 желтоқсандағы № 1159 бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Ы. Алтынсарин;» омырауға тағатын белгі»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің көтермелеу тәртібі туралы ережеде:
4-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Ы. Алтынсарин» омырауға тағатын белгісімен марапаттау« (3-қосымша);»;
7-тармақта:
екінші абзац алынып тасталсын;
төртінші абзацта «оқушыларды, тәрбиеленушілерді практикалық даярлаудағы табыстар» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-бөліммен толықтырылсын:
«3-1. «Ы. Алтынсарин» омырауға тағатын белгісімен марапаттау шарттары»
10-1. Білім беру органдары мен ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері омырауға тағатын белгімен: