Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 20 қарашадағы № 373-к бұйрығы
(2009.08.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 8 тамыздағы № 324 бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Әкімшілік қамтамасыз ету департаменті (Т.Т. Мекамбаев) белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Мыналардың:
1) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің көтермелеу түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 12 желтоқсандағы № 1159 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 1361 тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің көтермелеу түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 12 желтоқсандағы № 1159 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 27 шілдедегі № 652 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 2985 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы С.Ж. Пірәлиевке жүктелсін.
| Министрдің міндетін атқарушы | |