Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау
және ұсыну ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 1443 Жарлығы
(2006.08.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Президентінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № 871 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау және ұсыну ережесi бекітілсiн.
2. Осы Жарлық 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
| Президенті | | | | | | | Н.Ә. Назарбаев |
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2004 жылғы 17 қыркүйектегi
№ 1443 Жарлығымен
бекітілген
Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы
есептi жасау және ұсыну
Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi әрi есептi кезеңде республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау және ұсыну тәртібін анықтайды.
2. Түсiмдердiң және қаржыландыру жиынтық жоспарының, мiндеттемелер бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарының атқарылуы туралы есептердiң деректерi есептi кезеңде республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау үшiн негiз болып табылады.
3. Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есеп есептi кезеңде жүргiзiлген республикалық бюджеттiң түсiмдерi және шығыстарын қаржыландыру жөніндегі барлық операцияларды көрсетедi.
4. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептi Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне және осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкес бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жасайды.
5. Есептi кезеңде республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi қалыптастыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде айқындалған бюджет құрылымы бойынша кассалық негiзде, мың теңгемен жүзеге асырылады.
2. Есептi жасау тәртібі
6. Мерзiмдiлiгi бойынша республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептер мерзiмдiлiгi бойынша ай сайын және қаржы жылының қорытындысы бойынша жасалады.