Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын анықтау тәртібі
ҚР ҚНжЕ 8.02-02-2002
(2011.14.02. берілген өзгерістермен)
МАЗМҰНЫ
1. Негізгі ережелер
2. Негізгі түсініктер
3. Құрылыстың смета құнын анықтаудың негізгі қағидалары
4. Смета құжаттамасын жасау тәртібі
4.1. Смета құжаттамасының түрлері
4.2. Смета құжаттамасының құрамы
4.3. Жергілікті сметаларды жасау тәртібі
4.4. Объектілік сметаларды жасау тәртібі
4.5. Жергілікті және объектілік смета есептерін жасау тәртібі
4.6. Шығындардың жеке түрлеріне арналған смета
есептерін жасау тәртібі
4.7. Құрылыс құнының сметалық есебін жасау тәртібі
5. Мердігерлік құрылыс қызметтеріне арналған келісімді
бағаларды қалыптастыру тәртібі және орындалған жұмыстарға
арналған есептер тәртібі
1. Құрылыс және жинақтау жұмыстарының түрлері
бойынша үстеме шығындардың нормативтері
2. Типтік нысандар
Осы мемлекеттік нормативті ҚР Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толық немесе жекелей қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.
1. Негізгі ережелер
1.1. Осы «Қазақстан Республикасында құрылыстың смета құнын анықтау тәртібі» (әрі қарай «Тәртіп») Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес жасалған және құрамында мына негізгі мағлұматтар бар:
- құрылыс өніміне арналған, құрылыстың бағасын анықтау, сметаларды (смета есептерді) жасау бойынша жалпы әдістемелік ережелер жөнінде;
- орындалған жұмыстардың есеп айырысуларын жүргізу бойынша ұсыныстар жөнінде.