Аймақаралық деңгейдегі желілер арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер мен басқа да қызметтер көрсететін табиғи
монополия субъектілерінің табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 6 қазандағы № 417-НҚ бұйрығы
(2009.05.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 24 шілдедегі № 219-НҚ бұйрығымен күші жойылды
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009.05.02 № 30-НҚ бұйрығымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Аймақаралық деңгейдегі желілер арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер мен басқа да қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесі (бұдан әрі Ереже) бекітілсін.
2. Аймақаралық деңгейдегі желілер арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер мен басқа да қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілері:
1) табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес реттелетін қызметтердің түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін әзірлесін және бекітсін;
2) табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес реттелетін қызметтердің түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін келісу үшін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне 2005 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Д.Х.Тоқыбаева) белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;