Қазақстан Республикасының жекелеген аудандары әкімдерінің сайлауын
эксперимент ретінде өткізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1485 Жарлығы
ҚР Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 829 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 36-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы аудандары әкімдерінің сайлауын эксперимент ретінде өткізу ережелері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы:
1) 2005 жылғы тамызда эксперимент ретінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының аудандары әкімдерінің сайлауын тағайындасын, ұйымдастырсын және өткізетін болсын;
2) осы Жарлықта көзделген сайлау өткізілетін аудандардың саны мен тізбесін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп айқындасын.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) 2005 жылғы бірінші тоқсанда мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру процесін аяқтауды көздейтін заң жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізсін;
2) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп аталған әкімдердің сайлауын ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде қажетті шараларды қолдансын.
4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2004 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1485 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы аудандары әкiмдерiнiң
сайлауын эксперимент ретiнде өткізу
ЕРЕЖЕЛЕРI
Осы Ережелер Қазақстан Республикасының жекелеген аудандары әкiмдерiнiң сайлауын эксперимент ретiнде өткізудiң шарттары мен рәсімдерiн айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер