Балық шаруашылығы ұйымдарында қорықшылық қызмет туралы үлгі Ереженібекіту жайлы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық
шаруашылығы комитетінің төраға міндетін атқарушысының 2004 жылғы 10қарашадағы № 107 «а»-п бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 249 Бұйрығымен күші жойылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген балық шаруашылығы ұйымдарында қорықшылық қызмет туралы үлгі Ереже бекітілсін.
2. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және реттеу басқармасының балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу бөлімі (Ағзам Ж.) осы бұйрықты Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары назарына жеткізсін.
3. Бұйрықтың орындалуына бақылау Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және реттеу басқармасына (Сыздықов Н. Н.) жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап күшіне енеді.
Төраға м.а. | Р. Сүлейманов |
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Балық шаруашылығы комитетінің
төраға міндетін атқарушысының
2004 жылғы 11 қарашадағы
№ 107 «а»-п бұйрығымен
бекітілген
Балық шаруашылығы ұйымдарында
қорықшылық қызмет туралы үлгі Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы балық шаруашылығы ұйымдарында қорықшылық қызмет туралы үлгі Ереже (бұдан әрі - үлгі Ереже) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және балық шаруашылығы ұйымдары қорықшылық қызметтінің мәртебесі мен өкілеттілігін айқындайды.
2. Қорықшылық қызметтің құзыреті балық шаруашылғы ұйымдарына балық шаруашылығын жүргізу мен балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалану үшін бөлінген немесе бекітіліп берілген балық шаруашылығы су тоғандары (учаскелері) шекара шегінде ғана таратылады.