«Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу» 33 бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 10 қарашадағы № 140 қаулысы
(2010.29.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банк Төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 108 Қаулысымен күші жойылды
Уәкілетті органның лицензиясы негізінде брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда бухгалтерлік есепті жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұсынылып отырған «Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу» 33 бухгалтерлік есеп стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсін.
Ұлттық Банк
| «КЕЛІСІЛДІ» | | | | Қазақстан Республикасының |
| Қазақстан Республикасының | | | | Ұлттық Банкі Басқармасының |
| Қаржы министрі | | | | 2004 жылғы 10 қарашадағы |