№ 2266 болып тiркелген, «Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны
орындауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Әдiлет министрінің 2003 жылғы 4 мамырдағы № 81 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет
министрінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 343 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің м.а. 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 170 Бұйрығымен күші жойылды
Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындау тәртібін жетiлдiру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрінің 2003 жылғы 4 мамырдағы № 81 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 2266 болып тiркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
20-тармақтағы «жеке iстегi көшiрме» деген сөздер «жеке ici» деген сөздермен ауыстырылсын;
34-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«Бұрын салынған жазаны уақытынан бұрын алып тастауға жазаны салған күннен бастап кемiнде алты ай жол берiлмейдi.»;
38-тармақта «жазбаша түрде» деген сөздер»(6 және 7 қосымша)»деген сөздермен толықтырылсын, «бұйрықтарды» деген сөз «марапаттау және жазалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
50-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
«науқасы ауыр немесе мүгедек болған кезде - сот қаулысының көшiрмесi;";
4-қосымшада «бұйрықтарды» деген сөз алынып тасталсын;
осы Бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес «сотталғанды марапаттау туралы қаулы» деген 6-қосымшамен және «сотталғанға тәртiптiк жаза қолдану туралы қаулы» деген 7-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң облыстар және Астана қаласы бойынша басқармалардың бастықтары Нұсқаулықта енгiзiлген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып жеке құрамның зерделеуiн қамтамасыз етсiн.