Введите номер документа
Прайс-лист

Азаматтарға хирургиялық стерилдеуді жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 7 қаңтардағы № 7 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 7 января 2005
Статус
Утратил силу
утратил силу с 29 ноября 2009

Азаматтарға хирургиялық стерилдеуді жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 7 қаңтардағы № 7 қаулысы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 30 қазандағы № 625 Бұйрығымен күші жойылды

 

"Азаматтардың ұрпақ жаңғырту құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған сәйкес азаматтарға хирургиялық стерилдеуді жүргізу ережесі бекітілсін.

2. Емдеу-алдын алу ісі, аккредиттеу, ақпаратты талдау департаменті (Нерсесов А.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.

3. Әкімшілік департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрық ресми тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Облыстық, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) басшылары (келісім бойынша) осы бұйрықты іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау Вице-Министрі С.Ә. Диқанбаеваға жүктелсін.

6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

Министрдің

міндетін атқарушы

 

 

 

 

 

 

 

 

А. Ақанов

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің м.а.

2005 жылғы 7 қаңтардағы

№ 7 бұйрығына қосымша

Азаматтарға хирургиялық стерилдеуді

жүргізу туралы ереже

1. Хирургиялық стерилдеуді қаламаған жүктіліктің алдын алу әдісі ретінде жасы отыз бестен асқан немесе екі баласы бар, медициналық айғақтары бар және жасы мен баласының санына қарамай азаматтардың келісімімен жасалады.

2. Хирургиялық стерилдеуді тек қана азаматтардың келісімімен, емдеу-алдын алу ұйымдарында стационар жағдайында, меншік түріне қарамай, көрсетілген қызмет түріне лицензиясы бар, аталған операцияны жасау қажеттілігін алдын ала құлағдар ете отырып жүргізіледі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом