Введите номер документа
Прайс-лист

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға 2005 жылға кредит берудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 57 қаулысы (2006.24.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Информация о документе
Датавторник, 25 января 2005
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 25 января 2005

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне
тұрғын үй салуға 2005 жылға кредит берудiң кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 57
Қаулысы

(2006.24.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

«2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берiлiп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне тұрғын үй салу үшін сыйақының (мүдденiң) нөлдiк ставкасы бойынша 2005 жылға кредит беру ережесi (бұдан әрi Ереже) бекітілсiн.

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрi - жергілікті атқарушы органдар) тиiстi мәслихаттар облыстық, Астана және Алматы қалаларының 2005 жылға арналған бюджеттерiнде тиiстi түсiмдерді, сондай-ақ осы қаулының 3-тармағын орындауға байланысты бағдарлама бойынша шығыстарды көздейтiн шешiмдер қабылдағаннан кейiн 10 (он) күнтiзбелiк күн iшiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне мәслихаттардың көрсетілген шешiмдерiн берсiн.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы қаулының 2-тармағы орындалғаннан кейiн жергiлiктi атқарушы органдарға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражаттан Ережеде көзделген шарттарда 42000000000 (қырық екi миллиард) теңге сомасында тұрғын үй салуға кредиттер бөлсiн, оның iшiнде:

Ақмола облысына - 756000000 теңге

Ақтөбе облысына - 3672000000 теңге

Алматы облысына - 2680100000 теңге

Атырау облысына - 3625000000 теңге

Шығыс Қазақстан облысына - 2754000000 теңге

Жамбыл облысына - 1042100000 теңге

Батыс Қазақстан облысына - 3672000000 теңге

Қарағанды облысына - 1263300000 теңге

Қостанай облысына - 1055300000 теңге

Қызылорда облысына - 937000000 теңге

Маңғыстау облысына - 500000000 теңге

Павлодар облысына - 1804000000 теңге

Солтүстiк Қазақстан облысына - 1065000000 теңге

Оңтүстiк Қазақстан облысына - 5909000000 теңге

Астана қаласына - 5070300000 теңге

Алматы қаласы - 6194900000 теңге;

2) жергiлiктi атқарушы органдардың кредиттерді мақсатты пайдалануын бақылауды қамтамасыз етсiн;

3) осы қаулыдан туындайтын, оның iшiнде жергiлiктi атқарушы органдардың кредиттердi қайтаруын қамтамасыз ететiн қажеттi шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi C.M. Мыңбаевқа жүктелсiн.

5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

Д.К. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2005 жылғы 25 қаңтардағы

№ 57 қаулысымен

бекітілген

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының

бюджеттерiне тұрғын үй салу үшiн сыйақының

(мүдденiң) нөлдiк ставкасы бойынша 2005 жылға

кредит беру ережесi

1. Осы Ереже «2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңында көзделген қаражат есебiнен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне тұрғын үй салуға 2005 жылға 42000000000 (қырық екi миллиард) теңге сомасында кредит беру тәртібін белгілейдi.

ҚР Үкіметінің 2006.24.10. № 1021 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілiктi атқарушы органдарына (бұдан әрi - жергiлiктi атқарушы органдар) кредиттер тұрғын үй салуға 2007 жылғы желтоқсанда өтеу мерзімімен сыйақының нөлдiк ставкасы бойынша бөлiнедi.

3. Жергiлiктi атқарушы органдар 1 (бip) шаршы метрi 350 (үш жүз елу) АҚШ долларына баламалы сомадан аспауы тиiс толығымен әрленген тұрғын үй салуды қамтамасыз етедi.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамаға сәйкес:

1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес үлгiлiк нысан бойынша жергiлiктi атқарушы органдармен және республикалық бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсiмен үш жақты кредит келісімдерiн жасасады;

2) кредиттердiң мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы өтелуін бақылауды қамтамасыз етедi.

5. Жергiлiктi атқарушы органдар кредиттердi республикалық бюджетке белгiленген мерзiмде қайтаруды жүргiзедi.

6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі заңнамаға сәйкес жергiлiктi атқарушы органдардың қаражатты мақсатсыз пайдалануы және кредиттi уақтылы қайтармауы фактілері анықталған жағдайда, жергілiктi атқарушы органдарды 7 (жетi) жұмыс күнi iшiнде:

1) мақсатына сай пайдаланылмаған соманың 25 (жиырма бес) пайызы мөлшерiнде есептелген айыппұлдарды ескере отырып, мақсатына сай пайдаланылмаған соманы республикалық бюджеттiң кiрiсiне;

2) кредит бойынша әрбiр кешiктiрiлген күн үшiн 0,1 (нөл бүтiн оннан бip) пайыз мөлшерiнде өсiмақы аудару қажеттiлiгi туралы хабардар етедi.

7. Жергiлiктi атқарушы органдар осы Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген iс-шаралар жүргізiлгеннен кейiн мiндеттемелердi орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) жергiлiктi атқарушы органдардың келісімiнсiз жергiлiктi бюджеттердiң шоттарынан берешек соманы және есептелген өсiмақы сомасын республикалық бюджеттiң кiрiсiне есептен шығаруды жүргiзедi;

2) заңнамада көзделген өзге де қажеттi шараларды қабылдайды.

Облыстық бюджеттерге, Астана

және Алматы қалаларының

бюджеттерiне тұрғын үй салуға

сыйақының (мүдденiң) нөлдiк

ставкасы бойынша 2005 жылға

кредит беру ережесіне

қосымша

№__ Кредит келісімi

     Астана қаласы                2005 жылғы «__»________________
 

Бұдан әрi «Кредит берушi» деп аталатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң атынан Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1119 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженiң негiзiнде әрекет ететiн,____________ бiр тараптан,

бұдан әрi "Әкiмшi" деп аталатын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң атынан Қазақстан Республикасы Үкіметінiң «__»_______№_________ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ереженiң негiзiнде әрекет ететiн _________, екiншi тараптан,

бұдан әрi «Қарыз алушы» деп аталатын______жергiлiктi атқарушы органының атынан "Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізiнде әрекет ететiн әкiм____________, үшiншi тараптан,

бұдан әрi бiрлесiп "Тараптар" деп аталатындар мыналарды:

1) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн;

2) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрi - Заң);

3) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысын;

4) "Республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 200__жылғы "__ "_______№_______ қаулысын;

5) "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне тұрғын үй салу үшiн 2005 жылға кредит берудiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 200___ жылғы "__"______№ ____қаулысын (бұдан әрi - Қаулы);

6) Келісімде айтылған басқа құжаттарды назарға ала отырып, мына төмендегілер туралы осы Кредит келісімiн (бұдан әрi - Келісім) жасасты.

1. Келісімнiң мәнi

Заңға сәйкес Кредит берушi Қарыз алушыға_____"__"______дейiн өтеу мерзiмiмен сыйақының нөлдiк ставкасы бойынша________ теңге сомасында қаулыда көзделген мақсаттарға қаражат (бұдан әрi - Кредит) бөледi.

2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

1. Кредит берушi:

1) Қарыз алушының Кредиттi мақсатты пайдалануын, сондай-ақ Қарыз алушының Келісім бойынша мiндеттемелерiн уақтылы және толық орындауын бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.

2. Кредит берушiнiң:

1) Қарыз алушыдан және Әкiмшiден Кредиттi игеруге және уақтылы қайтаруға байланысты барлық қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;

2) Мақсатсыз пайдалану фактiсi анықталған кезде Қарыз алушыдан Келісімнiң 3 тарауының 1 тармағында көрсетiлген айыппұлды ескере отырып, Кредиттi мақсатсыз пайдалану сомасын өндiрiп алуға;

3) Кредиттi уақтылы қайтармаған жағдайда Қарыз алушыдан Келісімнiң 3 тарауының 2 тармағында көрсетiлген мөлшерде айыппұл өндiрiп алуға;

4) Кредит белгiленген мерзiмдерде қайтарылмаған не мақсатсыз пайдаланылған жағдайда Кредит берушi Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған тәртiппен өтелмеген борыштың сомасын есептен шығаруды жүзеге асыру үшiн Қарыз алушының ағымдағы шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатуға құқылы;

5) Қарыз алушы Келісімде көзделген мiндеттемелердi орындамаған кезде Қарыз алушыға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдануға;

6) Қарыз алушыдан 2005 жылға арналған облыстық бюджетте кредиттер бойынша түсiмдi және тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджетте оларды өтеудi көздейтiн мәслихаттың шешiмiн (бұдан әрi Мәслихаттың шешiмi) сұратуға және алуға құқығы бар.

3. Әкiмшi:

1) Кредит берушiге Келісімнiң шарттарын орындауға байланысты барлық қажеттi ақпаратты беруге;

2) Қарыз алушы Мәслихат шешiмiн бергеннен кейiн 10(он) жұмыс күнi ішінде Кредиттiң барлық сомасын шотқа аудару жөніндегі қажеттi iс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етуге;

3) Қарыз алушының Келісім бойынша мiндеттемелерiн уақтылы және тиiсiнше орындауын бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.

4. Әкiмшiнiң:

1) Қарыз алушыдан Кредиттi игеруге және уақтылы қайтаруға байланысты барлық ақпаратты сұратуға және алуға;

2) Қарыз алушыдан Мәслихаттың шешiмiн сұратуға және алуға құқығы бар.

5. Қарыз алушы:

1) Кредит берушiге және Әкiмшiге Мәслихаттың шешiмiн беруге;

2) Кредиттi қатаң түрде мақсатына сай пайдалануға;

3) Кредиттi 2007 жылғы ___________ дейiн қайтаруға;

4) Келісім бойынша құқықтары мен мiндеттерiн үшiншi тұлғаларға бермеуге және қайта бермеуге;

5) Кредит берушiнi және Әкiмшiнi Кредиттi уақтылы игермеуге және өтеуге әсер етуi мүмкiн барлық фактiлер туралы уақтылы хабардар етуге;

6) Кредит берушiнiң және/немесе Әкiмшiнiң бiрiншi талабы бойынша Кредитке байланысты барлық ақпаратты беруге;

7) Кредит берушi белгілеген нысандарда және мерзiмдерде Кредит бойынша есеп беруге мiндеттi.

6. Қарыз алушының:

1) Қарыз алушының Келісім шарттарын толық, нақты және уақтылы орындауы үшiн қажеттi ақпаратты Әкiмшiден алуға құқығы бар.

3. Тараптардың жауапкершiлiгi

1. Кредитті мақсатсыз пайдаланған жағдайда Кредиттi мақсатсыз пайдалану фактiсi анықталғаннан кейiн 7 (жетi) жұмыс күнi iшiнде Қарыз алушы Кредиттiң мақсатсыз пайдаланылған сомасын республикалық бюджеттiң кiрiсiне қайтарады, Кредиттi мақсатсыз пайдалану сомасының 25 (жиырма бес) пайызы мөлшерiнде айыппұл төлейдi.

2. Қарыз алушы Кредиттiң толық және уақтылы қайтарылуына жауап бередi. Төлеу мерзiмiн бұзған кезде Қарыз алушы республикалық бюджеттiң кiрiсiне әрбiр кешiктiрген күн үшiн Кредит бойынша берешек сомасының 0,1 (нөл бүтiн оннан бip) пайыз мөлшерiнде өсiмақы аударады.

4. Форс-мажор

1. Тараптар, егер бұл зiлзала, әскери iс-қимылдар және тараптардың еркiнен тыс өзге жағдайларға жататын тежеусiз күш жағдайларының салдары болып табылатын болса, Келісім бойынша кез келген өз мiндеттемелерiнiң толық немесе iшiнара орындамау жауапкершiлігінен босатылады.

2. Келісімнiң 4 тарауының 1 тармағында көрсетiлген тежеусiз күш жағдайлары салдарынан мiндеттемелердi орындамау мүмкiндiгi болған Тарап мұндай жағдайлар басталған сәттен бастап 10 (он) күнтiзбелiк күн iшiнде бұл туралы басқа тараптарды жазбаша хабардар етуге және уәкiлетті мемлекеттік органдардың тежеусiз күш жағдайларының туындауын және мұндай iс-әрекеттердiң мерзiмдерiн растайтын жазбаша актілерін (өзге құжаттарын) беруге мiндеттi.

3. Тарап 3 (үш) күнтiзбелiк күннiң iшiнде бұл ретте Келісім бойынша мiндеттемелердi орындау ұйғарылатын мерзiмдi көрсете отырып, көрсетiлген жағдайлардың әрекет етуiн тоқтату туралы жазбаша нысанда хабарлауға мiндеттi.

4. Тежеусiз күш жағдайлары туралы уақтылы хабардар етпеу оған сiлтеме жасайтын тарапты одан әрi жауапкершiлiктен босату ретiнде мұндай жағдайларға сiлтеме жacaу құқығынан айырады.

5. Тежеусiз күш жағдайлары туындаған жағдайда Келісім бойынша мiндеттемелердi орындау мерзiмi осындай жағдайлар мен олардың салдары әрекет ететiн уақытқа тең мерзiмге кейiнге қалдырылады.

5. Қосымша ережелер

1. Келісімде реттелмеген бөлiкте Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

2. Келісім Тараптардың әрқайсысы үшiн бiр данадан бiрдей заң күшi бар мемлекеттік және орыс тiлдерiнде үш данада жасалды.

3. Келісімге өзгерістер мен толықтырулар, егер олар жазбаша нысанда жасалса, Тараптар қол қойса және мөрлермен бекітілсе, жарамды.

4. Келісімнiң шарттарын орындау барысында Тараптар арасында келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар оларды соттан тыс тәртiппен реттеуге мiндеттi. Келісімге қол жеткiзiлмеген кезде даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралады.

5. Келісім Кредит берушi тiркеген күнiнен бастап күшiне енедi және Тараптар Келісімде көзделген барлық мiндеттемелердi орындағанға дейiн қолданылады.

6. Келісім бойынша мiндеттемелердi орындаудан бiр жақты бас тартуға жол берiлмейдi.

6. Тараптардың заңды мекен-жайлары

           Кредит берушi:
           Қазақстан Республикасы
           Қаржы министрлігі,
           473000, Астана қаласы,
           Жеңiс даңғ., 33                   _________________________
                                              м.о.          аты-жөнi
 
           Әкiмшi:
           Қазақстан Республикасы
           Индустрия және сауда
           министрлігі,
           473000, Астана қаласы            _________________________
                                               м.о.       аты-жөнi
 
           Қарыз алушы:
           _________облысының әкімі,        _________________________
          __________қаласы                   м.о.        аты-жөнi
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами