Введите номер документа
Прайс-лист

«Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 1037 бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 20 декабря 2004
Статус
Утратил силу
утратил силу с 15 июня 2009

Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру
және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 1037 бұйрығы

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы № 548 Бұйрығымен күші жойылды

 

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесі бекітілсін.

2. Білім беруді дамыту стратегиясы және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Т.А. Нұрғожаева) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

3. Осы бұйрық тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

4. Білім беруді дамыту стратегиясы және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Т.А. Нұрғожаева) осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларына (департаментіне), жоғары оқу орындарына жеткізсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-министрі Г.Н. Гамарникке жүктелсін.

Министр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Б. Әйтімова

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2004 жылғы 20 желтоқсандағы

№ 1037 бұйрығына қосымша

Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін

ұйымдастыру және оның жұмыс істеу

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1. Осы Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

2. Ереже Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыруды, оның жұмыс істеуін және белгіленген көрсеткіштер бойынша білім беру жүйесіндегі деректерді есепке алуды, білім беру мониторингі деректерін және олар өз функцияларын жүзеге асыру кезіндегі білім беру органдары мен ұйымдарының өзге де мәліметтерін ұсыну тәртібін айқындайды.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом